Спорт

Еркінбек пен Дәурен — жүлдегерлер

Аралас жекпе-жек спорт түрінен бірқатар жетістіктерге жеткен ақтөбелік жігіттер баспасөз мәслихатын өткізіп, халықаралық жарыстардағы қуанышымен бөлісті. Әсіресе, Астана қаласында ұйымдастырылған V Әлем чемпионатынан жерлестеріміз үлкен олжамен оралған.

Оған әлемнің 30-ға жуық мемлекетінен 150 спортшы жиналған. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткен спорттық сайыста ерлер 8 әйелдер 2 салмақ бойынша өзара сынға түсті.

Ақтық сынға еліміздің бес өкілі жетіп, алғашқы алтын медальді қоржынға Санжар Әділов салды. Екінші боп Мария Агапованың жолы болды. Ал күміс медальдің иегері боп үш спортшымыз — Денис Муцнек, Темірлан Ихсанғалиев, Еркінбек Інжелдер атанды. Соңғысы — біздің жерлесіміз. Зарина Қадырбаева, Алтынбек Бақытгелдинов, Әлімжан Сүлейменовтер үздік үштікті қорытындылады. Сөйтіп, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынды жеңіп алды.

Сондай-ақ, жуырда кәсіпқой спортшылар арасындағы халықаралық турнирде ақтөбелік Дәурен Ермековтің жоғары нәтиже көрсетіп, «Еуразия чемпионы» атағымен қоса, NFC белбеуін иемденгенін айта кету керек.

Басқосу барысында спорт мамандары, сонымен қатар, ақтөбелік Сергей Морозовтың Қазан қаласында өткен жарыста қарсыласы Луан Фернандесті нокаутпен жеңгенін атап өтті.

Дәурен Ермеков, Гойти Дазаев және Сергей Морозовтар — Ақтөбе қаласындағы «Еркін күш» кәсіпқой-жауынгерлік клубының спортшылары.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button