Білім

Бейбіт күннің мергендері

Әлия Молдағұлованың ерлігін еске алу мақсатында облыс мектептерінің

9-11 сыныптарда оқитын мерген қыздары арасында пневматикалық мылтықпен нысана көздеп, атудан облыстық «Мерген ару» сайысы өтті.

Сайысқа Ақтөбе қаласы мен облыстың 12 ауданының мектептерінен, облыстық екі мектеп-интернаттан барлығы 45 оқушы қатысты.

Командалық есепте Алға ауданының оқушылары мергендіктерін танытып, чемпион болды. №11 Ақтөбе орта мектебінің оқушылары екінші орынға шықса, үшінші орынды №22 Ақтөбе орта мектебінің оқушылары иеленді.

Жекелей сайыста Алға ауданының Шибай орта мектебінің оқушысы Татьяна Фальконың көздегені мүлт кетпей, жеңімпаз атанды. Көбіне нысанаға дәл тигізіп, бірдей ұпай жинаған №11 Ақтөбе орта мектебінің оқушысы Жанна Муртазина мен №22 Ақтөбе орта мектебінің оқушысы Татьяна Зинченко екінші орынға ие болды. Мерген аруларға облыстық білім басқармасының грамотасы мен сыйлықтары табысталды.

Білім басқармасының атынан М.Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың ұжымына алғыс жарияланды.

Ы.КӨШЕРОВ,

облыстық білім басқармасының бас маманы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button