Ауыл

Тәулігіне 13,5 мың га алқаптың астығы жиналады

Күз де келді. Қырда қат-қабат науқандық жұмыстар жүріп жатыр. Күзгі жиын-терін басталды. Мал азығын қыстақтарға жеткізу, қора-қопсыны қысқа дайындау шаруалары тиянақталып, егін орағы еңсерілген кез. Бұл науқанды осы қыркүйек айының соңына дейін аяқтау көзделіп отыр. Бұған ауа райы да мүмкіндік беріп тұр. Науқанды алғашқы күннен ыждағатты жүргізген өңірлер дәнді дақыл егісін оруды бірыңғайлап келеді. Темір ауданында бұл жұмыс толық аяқталды.

Облыстық ауыл шаруашылық басқармасының егін жинау барысы туралы ақпараты бойынша  6 қыркүйекке Қобда ауданында дәнді дақыл егісінің — 87,6, Алға ауданында — 77,6, Ақтөбе қаласында — 71,1 пайызы орылды. Хромтау, Мәртөк, Қарғалы аудандарында 70 пайызға жуық дәнді дақыл егісінің алқабы жиналды. Биыл 142 мың гектар алқапқа дәнді дақыл өсіріп отырған Әйтеке би ауданында 88,9 мың гектар алқаптың астығы орылып, бастырылды.

Облыс бойынша барлық дәнді дақыл егісінің аталған күнге 66,2 пайызын жинау қамтамасыз етілді. Әр гектардан орташа түсім 10,4 центнерден келуде. Мәртөк, Қарғалы, Әйтеке би аудандарында егіннің түсімі бұдан жоғары.

Жаңа егінді жинау қарқыны қалыпты. Облыс бойынша бір тәуліктің ішінде орта есеппен 13,5 мың гектар алқаптың астығы жиналады.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button