Мәдениет

Әнуар Өтеген-Тананың мерейтойлық көрмесі ашылды

Облыстық  өнер музейінде белгілі суретші, экслибристің әлемге танымал суретшілерінің бірі, профессор  Әнуар Өтеген-Тананың 75 жылдық мерейтойына  арналған көрмесі ашылды.

Алашорданың 100 жылдығына орайластырылған Әнуар Өтеген-Тананың мерейтойлық көрмеге суретшінің графика, кескіндеме жанрында, экслибрис түрінде орындалған  70-тен аса жұмысы қойылған. Оның ішінде исі қазақтың асыл перзенттері Абайға,  Ахмет Жұбановқа, Ғазиза Жұбановаға, Шұғыла Сапарғалиқызына арналған экслибристері бар. Сондай-ақ «Хадис», «Қазақтар» сериялары бойынша туындылары, «Ойыл», «Әке портреті», «Суретшінің портреті», тағы басқа кескіндеме жанрындағы дүниелері орын алған. Қазақтың тарихын терең білетін,  туған халқының мәдениетін, салт-дәстүрін, дүниетанымын өз шығармаларына өзек еткен суретшінің қай жұмысынан да оның ұлтжандылығы және оның  мүддесін бәрінен жоғары қоятыны байқалады.

Әнуар Өтеген-Тана 1972 жылыТөменгіТагильмемлекеттікпедагогикалықинститутыныңкөркемөнер-графика факультетінбітірген.

Ақтөбеліктер үшін суретшінің «Суретті әліппе» атты қазақ тілін үйретуде таптырмайтын әдістемелік құралы, тағы да басқа кітаптары  әлі күнге қажеттілігін жойған жоқ.

1970 жылдардан бері республикалық, бүкілодақтық, халықаралық көрмелерге қатысып келеді.

Сан қырлы суретші  Ақтөбе өңірінің қоғамдық өміріне де белсенді араласты.  Әнуар Өтеген-Тана республикалық мәдени-ағарту училищесінде көркемсурет факультетінің ашылуына, сондай-ақ Қазақстан Суретшілер одағының Ақтөбе филиалының құрылуына ықпал етті. Ақтөбеде әлем суретшілерімен халықаралық мәдени байланыстардың нығаюына, айырбас көрмелердің өткізілуіне зор үлес қосты. Құдайберген Жұбановтың 100 жылдығында халықаралық эксбрисшілер көрмесін ұйымдастырды.

Қазақ-орыс халықаралық университетіндегі  дизайн кафедрасының профессоры Әнуар Өтеген-Тананың көрмесі тамыздың 25-недейін жалғасады. Асығыңыздар!

 Ардақ ҚОНАҚБАЕВА.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button