Білім

Жаңа топтар ашылды

Жақында Ақтөбе қаласындағы №31 «Күншуақ» балабақшасында 7 топ ашылды.

Бұрын бұл білім мекемесінде екі топ қана болатын. Жыл аяғынан бастап жеті топқа бүлдіршіндер қабылданды. Бұдан Елбасы тапсырмасының біздің өңірде жүйелі орындалып жатқандығын байқауға болады. Балабақшаның кеңейгені біз үшін үлкен қуаныш.

Білім мекемесінде балдырғандардың көкжиегін кеңейту мақсатында түрлі шаралар өткізіледі. Мысалы, жақында өткен «Табиғатты аялайық!» жарысында  «Нұршуақ» естиярлар тобы І орынға ие болды. Аталған топ патриотық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылған сайыста да жүлделі орынды иеленген болатын. Біз, ата-аналар, осындай танымдық бағыттағы жарыстардың өтуіне ұйытқы болған балабақша меңгерушісі А.Тажиданқызына, тәрбиешілер Сағира Мұқашева мен  Алтынгүл Қуатбайға риза болдық.

«Нұршуақ» тобы тәрбиеленушілердің

ата-аналары.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button