Білім

Рухани жаңғыру жолы

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында университет ректоры, профессор Бауыржан Ердембеков 8 күн қатарынан түрлі факультеттер студенттеріне дәріс оқыды.

Дәрістер «Экономикалық бәсекелестікті дамытудағы жастардың рөлі»,  «Ұлттық сананы жаңғыртудың тамыры төл тарихымыздан нәр алады», «Болашақ ұстаз болмысы», «Ағылшын тілін үйрену — бүгінгі күннің талабы»,  «Білімді студент — білікті маман», «Туған жер — жас ұрпақтың асыл қазынасы», «Бәсекелестік — бүгінгі студенттің негізгі ұстанар қағидасы», «Ұлттық сана жаңғыруындағы тіл мен әдебиеттің орны» тақырыптарында өтті.

Әр дәрісте Елбасы мақаласының негізгі бағыттары төңірегінде сөз қозғалып, латын графикасына көшу, сананы жаңғырту мен салт-дәстүрге беріктік мәселелеріне қатысты пікірлер айтылды. Студенттермен әңгімеде тәрбие, кітап оқу, түрлі жобаларға қатысу, жемқорлықпен күрес, жастардың ғылымға деген қызығушылығы мәселелері қозғалды. Ректор Ердембеков дәрістер кезінде өз пікірін: «Елбасының: «Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт.  Себебі,  құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» — деген сөзін студенттеріміз басты ұстаным ретінде қабылдаулары керек», — деп түйіндеді.

 Сандуғаш ДҮЙСЕНБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button