Спорт

Лаңкестік әрекеттің құрбандарын еске алуға арналған жарыс өтті

Дүйсенбі күні былтырғы лаңкестік шабуылда ерлікпен қаза тапқан әскери қызметкерлерді еске алуға арналған самбодан жарыс өз мәресіне жетті.

Жарыс облыстық ішкі істер департаменті мен әскери құрылымдар арасында ұйымдастырылды. «Жастық» спорт кешенінде өткен турнирге 9 команда қатысты.

Жарысты ашқан ҚР ұлттық гвардиясының командирі Еркін Жаңабергенов сайыстың қатысушыларына сәттілік тіледі. Оның айтуынша, алғаш рет ұйымдастырылып жатқан бұл сайыс дәстүрлі сипатқа ие болады.

Жалпыкомандалық есепте алты алтын, бір күміс медальді олжалаған №6655 әскери бөлімінің балуандары бірінші орынды жеңіп алды. Облыстық ішкі істер департаменті екінші, Ақтөбе заң институтының командасы үшінші орынды еншіледі.

Сайысқа қатысушыларға естелік кубоктар мен мақтау қағаздары табысталды.

Еске сала кетейік, былтырғы лаңкестік шабуыл кезінде №6655 әскери бөлімінен майор Даниэль Майлыбаев, кіші сержант Берікжан Қалиев және қатардағы жауынгер Досбол Сапар қаза тапқан болатын.

Қамбар МҰҚАШЕВ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button