Спорт

Ақтөбеде бодибилдингтен чемпионат өтті

Өткен аптаның соңында Ақтөбе қаласында бодибилдинг пен фитнестен Қазақстан және Орта Азия чемпионаттары өтті.

Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрда өткен шараға көрермен көп жиналды. Чемпионатқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан мемлекеттерінен 80 спортшы қатысты.

Чемпионат бодибилдинг пен фитнесті халыққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Ақтөбеде жоғары деңгейде ұйымдастырылған турнирдің куәсі болдық. Егер осындай сайыстар көптеп ұйымдастырылса, жастар салауатты өмір салтын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлген болар еді. Қазір Ақтөбеде спорттың бұл түріне ден қоюшылар көп. Әсіресе, жастардың қызығушылығы жоғары. Ақтөбеде жас атлеттер дайындалып жатыр. Соңғы кезде, спорттың бұл түрін дамыту үшін мұнда арнайы фитнес клубтар ашылуда. Ақтөбелік Сағадат Салманов спорттың осы түрі бойынша жоғары жетістіктерге жетіп, бүгінде өз тәжірибесін жастарға үйретіп жүр. Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған чемпионатқа мұрындық болған облыс әкімдігі мен Ақтөбе бодибилдинг және фитнес федерациясына үлкен ризашылығымызды білдіреміз, — деді Қазақстан бодибилдинг және фитнес федерациясының бас хатшысы Талап Иматалиев.

Оның айтуынша, спорттың бұл түрі табандылықты талап етеді. Спортшылардың сымбаты мінсіз болуы шарт. Сондықтан спорттың бұл түрі тән сұлулығына аса мән береді.

Бодибилдинг — бұқаралық спорт. Яғни, спорттың бұл түрімен кез келген жастағы адам айналыса алады әрі қолжетімді. Чемпионатқа әртүрлі жастағы ерлер мен әйелдер қатысты. Бұлардың барлығы — модель. Сондықтан чемпионатта төрт мемлекеттен келген спортшылардың қай-қайсысы да  жоғары дәріжеде өнер көрсетті. Яғни, қыздар өз арасында, ерлер өз арасында жарысып, нағыз спортшыға тән жігерлілік танытып, мақсаттарына жету үшін бақ сынады, — деді Т.Иматалиев.

Чемпионатқа қатысушылар Алғыс хаттар және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Арайлым НҰРБАЕВА.

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button