МерекеРесми

«Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 72 жылдық мерейтойына» дайындық және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

  1. Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 72-жылдығына арналған «70 добрых дел». Іс-шаралар, 2 сәуір –9 мамыр аралығы, қала мектептері, мектепке дейінгі мекемелер.
  2. Соғыс және еңбек ардагерлерін құрметтеу, ҰОС қатысушылары мен мүгедектерінің, қаза тапқан және қайтыс болған жауынгерлердің жесірлерінің және еңбек майданы ардагерлерінің кездесулерін, құттықтауларын ұйымдастыру, сәуір-мамыр, ұйымдар, кәсіпорындар, және қаланың оқу орындары.
  3. ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне үйде медициналық көмек көрсету жөніндегі қалалық акциясы, сәуір-мамыр, тұрғылықты

мекенжайы бойынша.

  1. ҰОС қатысушылары мен мүгедектері тұратын аулаларда жиналып қалған қоқысты шығару бойынша тегін қызметтерді ұйымдастыру, сәуір-мамыр, тұрғылықты мекежайы бойынша.
  2. «Балаларға соғыс туралы оқып береміз». Апталық, «Их именами названы улицы Актобе» деректі фильмінің көрсетілімі, «Батыр ерлігі елге мұра, ұрпаққа – ұран!». Патриоттық сабақтар, «Аңызға айналған арулар Әлия мен Маншүк ерлігі». Деректі фильм көрсету, кітап көрмесіне библиографиялық шолу, ардагерлермен кездесу кештері, мерекелік шаралар, 25 сәуір-10 мамыр аралығында, қала кітапханалары.
  3. Дөңгелек үстелдер, тәрбие сағаттарын, конкурстар, фестивальдер, мерекелік концерттер, мұражайға саяхаттар, әңгімелер, ертеңгіліктер, танымдық ойындар, 2-8 мамыр аралығында, қала мектептері, мектепке дейінгі мекемелер.
  4. «Мой прадед был солдатом». Интерактивті сурет көрмесі, 3-9 мамыр аралығында, қалалық Оқушылар сарайы.
  5. «Тағзым саған, Ұлы Жеңіс!». Кітап көрмесі, 3 мамыр сағ.10.00, Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы.
  6. Стендтік үлгілеу бойынша қалалық байқау, 3 мамыр сағ.10.00, қалалық техникалық шығармашылық орталығы.
  7. «Ұлы Жеңіске — мәңгі тағзым». Кітап  көрмесі, 4 мамыр сағ.11.00, С.Бәйішев  атындағы облыстық  әмбебап-ғылыми кітапхана.
  8. «Ұлы жеңіске — 72 жыл». Балалар шығармашылығының көрмесі, 4 мамыр сағ.11.00, балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі.
  9. «Жеңіс күні». Шығармашылық жұмыстардың көрмесі, 4 мамыр сағ.11.00, қалалық техникалық шығармашылық орталығы.
  10. Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің «Жалынды жылдар жаңғырығы», Кездесу, 4 мамыр сағ.11.00, №6 ОМ.
  11. «Ұлы Жеңіс — ер мен елдің жеңісі». Тәрбие сағаты, 4 мамыр сағ.12.00, көпсалалы «Болашақ» колледжі.
  12. Қала мектептері оқушыларының «Естелік вахтасы» (бөлек жоспар бойынша), 5-9 мамыр, «Даңқ» обелискі, Ә. Молдағұлова мемориалды кешені, «Батырлар аллеясы», «Зеңбірек» естелік белгісі, Ә.Молдағұлованың естелік-бюсті.
  13. «Ортақ Жеңіс». Фото-көрменің апталығы, 5-9 мамыр аралығында сағ.11.00, С.Бәйішев атындағы облыстық  әмбебап-ғылыми кітапхана.
  14. «Еңсесі биік ұлы Жеңіс!». Онкүндіктің ашылуы, 5 мамыр сағ.11.00, облыстық планетарий.
  15. «Ер есімі — ел есінде» тақырыбында оқушылармен «Батырлар аллеясына» саяхат, 5 мамыр сағ.15.00, Батырлар аллеясы.
  16. «Бейбіт күн жасасын әлемде». Мерекелік концерт, 5 мамыр сағ.11.00, №1 балалар музыка мектебі.
  17. «Отан үшін от кешкендер». Мерекелік концерттік бағдарлама, 5 мамыр сағ.11.00, қалалық қазақ зағиптар қоғамы Мәдениет Үйі.
  18. «Живет в народе память о героях!». ҰОС батырлары Е.Мазковтың (95 жылдығы), Н.Папиловтың (95 жылдығы), М.Прохоровтың  (100 жылдығы), И.Гриньконың (95 жылдығы), К.Губиннің (115 жылдығы), А.Гуцалоның (100 жылдығы), Т.Щербаневтің (95 жылдығы), І.Үргенішбаевтың (105 жылдығы) мерейтойларына арналған батырлар ұрпақтарымен салтанатты кездесу, 5 мамыр сағ.11.00, Батырлар аллеясы.
  19. «Еңсесі биік Ұлы жеңіс» атты ашық тәрбие сағаты, 5 мамыр сағ.12.00, көпсалалы «Болашақ» колледжі.
  20. «Ардагерлерге мың алғыс!». Ардагерлермен кездесу кеші, 5 мамыр сағ.13.00, қалалық қазақ саңыраулар қоғамы Мәдениет үйі.
  21. «Ұрпаққа үлгі болған Ұлы Жеңіс». Ауызша журнал, 5 мамыр

сағ.15.00, облыстық арнаулы есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернаты.

  1. «Болашақ ұрпақ ерлігін айтар жалғап мың». Ерлік сағаты (Совет Одағының батыры І.Үргенішбаевқа 105 жыл) , 5 мамыр сағ.15.00, «Зеңбірек» ескерткіш-белгісі.
  2. «Тарихи ұлы Жеңіс». Салтанатты бағдарлама, 6 мамыр сағ.11.00, Қазанғап атындағы балалар өнер мектебі.
  3. «Поклонимся великим тем годам». Қазақ камералық хор ұжымының концерті, 6 мамыр сағ.16.00, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония.
  4. Балалар арасында ушу-туйшоудан қала біріншілігі, 7-8 мамыр сағ. 11.00, «Гранд» СҮ
  5. «Никто не забыт, ни что не забыто». Мерекелік концерт, 7 мамыр сағ.14.00, Қазақстан халқы Ассамблеясы.
  6. «Аққу» би ансамблінің «Қаһарман қыз» атты Мерекелік концерті, 7 мамыр сағ.16.00, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония.
  7. «Сороковые — роковые». Композиция, 7 мамыр сағ. 18.00, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры.
  8. «И помнит мир спасенный…». Сурет көрмесі, 8 мамыр сағ.10.00, қалалық көркемсурет лицейі.
  9. «Әрқашан күн сөнбесін!». Ақындар мүшайрасын өткізу, 8 мамыр сағ.11.30, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті.
  10. «Ұлы ерлік — ұрпаққа үлгі». Ардагерлермен кездесу, 8 мамыр сағ.12.00, №3 балалар музыка мектебі.
  11. «Жадымызда жаңғырығы Жеңістің». Театрландырылған  мерекелік бағдарлама, 8 мамыр сағ.12.00, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
  12. «Праздник победы». Камералық оркестрдің концерті, 8 мамыр сағ.17.00, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония.
  13. «Жастықтың жалыны». Ретро концерт, 8 мамыр сағ. 20.00, ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Орталық саябағы.
  14. «Мың тағзым». Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ескерткіштеріне гүлшоқтарын қою, еске алуға арналған салтанатты рәсім, 9 мамыр сағ. 9.00, «Даңқ» обелискі, Ә.Молдағұлованың Мемориалдық кешені, Батырлар Аллеясы, Ә.Молдағұлованың Бюсті, «Зеңбірек» ескерткіші, Бауырластар зираты.
  15. «Қаһарман ұлт — Бессмертный полк». Шеру 9 мамыр сағ. 10.00.
  16. «Жеңісті жақындатқан майдангерлер». Театрландырылған мәдени-көпшілік шаралар. Халықтық қыдырулар, 9 мамыр сағ. 11.00, ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Орталық саябағы, «Керуен сити» ССО, Пушкин атындағы мәдениет және демалыс саябағы, «Ретро» саябағы, «Металлург» Мәдениет үйі.
  17. «На привале». Солдат асханасының жұмысын ұйымдастыру, мерекелік бағдарлама, 9 мамыр сағ. 11.00, ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Орталық саябағы, «Керуен сити» ССО, Пушкин атындағы мәдениет және демалыс саябағы
  18. «Жырлаймыз Ұлы Жеңісті». Мерекелік концерт, 9 мамыр сағ. 11.00, Қурайлы қалалық Мәдениет үйі.
  19. «Ерлікке мың тағзым!». Мерекелік концерт, 9 мамыр сағ. 11.00, Сазды қалалық Мәдениет үйі.
  20. «Ұрпаққа ұран — Ұлы Жеңіс». Мерекелік бағдарлама, 9 мамыр сағ. 11.00, «Жеңіс» саябағы.
  21. 2003, 2004 ж.т. балалар арасындағы футболдан мектеп біріншілігі, 9 мамыр сағ. 11.00, Олимпиада резервін даярлау бойынша облыстық балалар және жасөспірімдер спорт мектебі.
  22. Ат спортынан мектеп біріншілігі, 9 мамыр сағ. 11.00, №10 Ат спорты түрлері бойынша облыстық балалар және жасөспірімдер спорт мектебі.
  23. Үстел теннисінен ашық турнир, 9-10 мамыр сағ. 11.00, жоғарғы спорт шеберлігі мектебі.
  24. Тоғызқұмалақтан қала біріншілігі, 9-10 мамыр сағ. 11.00, №1 ОБЖСМ.
  25. Б.Васильев «Таң алдындағы тыныштық» қойылымы (қазақ труппасы), 9 мамыр сағ. 18.00, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры.
  26. «Жеңіс әні шырқалсын». Эстрадалық үрлемелі аспаптар оркестрі мен «Ақтөбе» вокалды аспаптар ансамбілінің мерекелік кешкі бағдарламасы, 9 мамыр сағ. 20.00, ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Орталық саябағы.
  27. «Жеңістің нұрлы кеші» атты «Рюкзак» бард клуб ұжымының авторлық ән кеші, 9 мамыр сағ. 20.00, Пушкин атындағы мәдениет және демалыс саябағы.
  28. «Жеңіс салюті» – атты мерекелік отшашу, 9 мамыр сағ.22.00, ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Орталық саябағы.

 

 

Басқа жаңалықтар

One Comment

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button