Білім

Балабақша мерекесі

«Таңшолпан» мектепке дейінгі ұйымы бір жасқа толды. Балапандардың екінші үйіне айналған балабақшаның мерекесіне тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналары түгел жиналды. Балабақша директоры Х.Тайбукенова жиналғандарды ортақ тоймен құттықтап, ұйымның бір жыл бұрынғы тірлігін, кездескен қиындықтар мен жеткен жетістіктер туралы әңгіме қозғады.

Бүлдіршіндер би билеп, ән айтып, ата-аналарын қуантып, бір серпілтіп тастады. Балабақшаның тәлімгер тәрбиешісі Сәлима Сәндіғалиеваның мұнда қызы тәрбиеленіп жатыр екен. Әрі тәрибеші, әрі ата-ана. «Балаларға барлық жағдай жасалған. Таң атқаннан кеш батқанша осында жүреді. Олардың дамуы үшін қажетті жағдайдың барлығы бар», — дейді ол.

Жиналғандар лоторея ойнап, жас тәрбиешілер өздері шығарған өлеңдерін оқыды.

М.ТАБЫН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button