Спорт

Бір жылдың жемісі

Ақтөбе қаласындағы №18 орта мектептің 6-сынып оқушысы Әди Сақтағанов жуырда таэквандодан (ІTF) өткен халықаралық ашық турнирде 1-орынды жеңіп алды.

Әди турнирдің алғашқы күні тактика көрсетуден жоғары ұпай жинаса, екінші күні жекпе-жек кездесуде 32 келі салмақта бес қарсыласын жеңіп, чемпион болды. Оның жаттықтырушысы — Әділбек Лекеров.

Әди — отбасында төрт баланың ортаншысы. Оның отбасы өткен жылы Темір ауданының Саркөл елді мекенінен Ақтөбе қаласына көшіп келген. Жаңа мектепке келген соң Әди таэквандо үйірмесіне қатысып, бір жылда жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген. Ал оның халықаралық турнирде 1-орынға ие болғаны — оның отбасы үшін үлкен жетістік.

Жас спортшыға сәттіліктер мен жеңістер тілейміз.

 Д.ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button