Спорт

Ақтөбеліктер чемпион атанды

Өткен сенбі-жексенбіде Тараз қаласында ушудан өткен ҚР чемпионатында ақтөбелік жас спортшылар жеңіспен оралды.

Жарысқа 11 облыстан 7-18 жас аралығындағы барлығы 300-ге жуық спортшы қатысты.

Ақтөбелік «Дао» клубының жетекшісі Виталий Трайзенің айтуынша, жарысқа қатысушылар екі бөлім — ушу-саньда және ушу-таолу бойынша сынға түскен.

Сондай-ақ қатысушылар ушу-туйшоудан өнер көрсеткен. Чемпионаттың қорытындысы бойынша біздің облыстан барған жас спортшылар көп медальға ие болып, чемпион атанған.

Биылғы жылы жазда Оңтүстік Кореяда өтетін Азия чемпионатына қатысатын спортшыларды іріктеу мақсатында ұйымдастырылған чемпионатта біздің облыстан барған 50-ге жуық қатысушы жақсы нәтижелерге қол жеткізген. Олардың қатарында Диана Трайзе, Регина Трайзе, Виктория Иранова, Батырбек Кежеғарин, Әмина Абдулманова, тағы басқалары бар.

Айта кету керек, аталған чемпионатта біздің ақтөбеліктер ушу-туйшоудан өткен аймақаралық турнирде командалық есепте бірінші орынға ие болды.

 Д.ҚАЗИХАН.

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button