Спорт

Ел чемпиондары қатарында екі ақтөбелік бар

Жуырда Шымкент қаласында күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты өтті.

Ел біріншілігінде балуандар грек-рим, еркін және әйелдер күресінен барлығы 24 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынасты, яғни 24 чемпион анықталды.  Чемпиондар арасында біздің жерлестеріміз де бар: грек-рим күресінен Мейрамбек Айнағұлов (59 кг) пен еркін күрестен Нұрислам Санаев (57 кг) топ жарып отыр.

Мейрамбек пен Нұрислам — осыған дейін де Қазақстан чемпионы атанған, халықаралық деңгейде жетістіктерге жетіп жүрген спортшылар. Халықаралық күрес федерациясының рейтингіне сай, екеуі де өз салмақтары бойынша— әлемдегі ең үздік 20 балуанның қатарында.

Сондай-ақ, ел чемпионатында еркін күрестен тағы да екі ақтөбелік балуан жүлдегер атанды. 65 кг салмақ дәрежесі бойынша Амандық Бакеев күміс жүлдеге қол жеткізсе, 74 кг салмақ дәрежесінде Айдар Болданбаев қола жүлде алды. Осылайша, еркін күрестен облыс құрамасы бұл жарыста сәтті өнер көрсетіп отыр.

Әйелдер күресінен де бір жүлдегеріміз бар: Карина Моисеенко. Ол 69 кг салмақ дәрежесі бойынша сынға түсіп, қола медаль жеңіп алды.

 И.ЖАЙМАҒАМБЕТОВА.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button