Әлеумет

Халық реформаға дайын деп ойлаймын

Елбасы Үндеуі — реформалар бастауы

Ауыл шаруашылығы саласының маманымын. Мамандығым — агроном. Еңбек жолымды қатардағы агроном болып егіс танабынан бастап, кеңшардың бас агрономына дейінгі қызметті атқардым. Қоғамдық жұмысқа араласып, аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, кеңшар директоры лауазымдарында болдым.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін де  біраз жыл Ақтөбе қаласында басшылық қызметтерде жасадым. Тіпті зейнеткерлікке шыққаннан кейін де бірнеше жыл қызметтен қол үзгенім жоқ.

Мұны айтып отырғаным, біздің еліміздегі президенттік басқару жүйесінің жемісті болғанын тек естумен емес, көзбен көргенімді білдіргім келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жүргізген бұған дейінгі президенттік басқару елдегі орасан қиындықтарды еңсеруге мүмкіндік берді. Кейде мен егер бұлай болмағанда, біздің еліміздегі жағдай    қандай болар еді деген ойға қаламын. Көп елдердегі «әсіре демократияның» қайда апарып соққанын білеміз.

Президент енді сол өзінің бірқатар өкілеттілігін өзі бастама көтеріп Парламент пен Үкіметке бергелі отыр.  Осы мәселе бойынша қазір елімізде кең талқылау жүріп жатыр. Өмірден біршама көргені, түйгені бар азамат ретінде мен Елбасының билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуін қолдаймын. Себебі, Елбасымыздың ұзақ жылдар ұстанған салихалы саясатының арқасында біздің қоғам осындай реформа жүргізуге, жаңа кезеңге қадам басуға толық дайын болды деп есептеймін.

Қуаныш НҰРШИН,

зейнеткер.

Ақтөбе қаласы.

БОЛАШАҚҚА ЖАСАЛҒАН БАТЫЛ ШЕШІМ

Елбасының билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мәселесі — ел дамуының заңды және жүйелі кезеңі.

Елбасы Үкімет пен Парламентке өкілеттіліктерді беріп қана отырған жоқ, оларға халық алдындағы жауапкершілікті жүктеп отыр. Бұл — бүгінгі қазақстандық даму талабы ұсынған заңды әрі демократиялық үрдістерге толық сәйкес келетін аса құнды құжат. Елімізді дамудың даңғыл жолына бастауда Елбасының бұл Үндеуінің маңызы зор.

Ерекше көңіл бөлетін жай, болашақта Елбасы Парламент пен Үкіметке біраз билікті бергенімен, елімізде Президенттік басқару формасы сақталады. Себебі Президент —  мемлекеттілігіміздің негізгі тірегі, Ұлт көшбасшысы. Елбасының салиқалы саясаты мен парасатты пайымдауының арқасында еліміз ширек ғасырда көптеген жетістікке жетті. Халқымыз бүгінде бейбіт, тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Мұның барлығы Президенттік биліктің арқасында деп ойлаймын.

Елімізде жуырда өткен қысқы Универсиаданың ерекше ұйымдастырылуы, елордамыз — Астананың  ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу мәртебесін жеңіп алуы — мұның бәрі Елбасымыздың әлемдегі биік беделінің нәтижесі.

Елбасы осы уақытқа дейін де мемлекеттік басқарудың заманауи, тұрақты, ұтымды үлгісін қалыптастыру саясатын  жүргізіп келді. Соның нәтижесінде елімізде кәсіби Үкімет, қуатты Парламент және тәуелсіз сот билігі қалыптасты. Сондықтан Елбасының бұл шешімі — өте батыл қадам. Бұл қадам Парламент пен Үкіметтің өкілеттіліктерін арттырып қана қоймайды, оларға дұрыс шешім қабылдап, елмен, халықпен бірге болуды үндейді.

 Айжангүл ТӨКЕНОВА,

аудандық әділет басқармасының басшысы.

Байғанин ауданы.

 

БИЛІКТІҢ БАЯНДЫ ҚАДАМЫ

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуімен мұқият танысып шықтым. Үндеуде айтылғандай, күшті президенттік вертикаль бізге мемлекетті қалыптастырудағы алғашқы қиындықтарды еңсеру кезеңінде қажет болды. Бүгінде сол мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігінің нәтижесін көрудеміз. Толағай табыстар мен жетістіктерге қол жеткіздік. Еліміз дамудың даңғыл жолына түсті. Президенттің тың бастамалары еліміздің дамыған отыз елдің қатарына енуге септігін тигізбек. Алайда, елімізде саяси жүйені одан әрі демократияландыру қадамы жасалып отыр. Бұл Президенттің халыққа арнаған Үндеуінде айқын айтылады.

Мұның өзі мемлекетті басқару жүйесінің тиімділігін барынша арттырып, еліміздің әлем алдындағы беделін бұрынғыдан да жоғарылата түсетіндігі сөзсіз.

 Есен ӨТЕГЕНОВ,

Сарбұлақ ауылдық округінің әкімі.

Қобда ауданы.

ДАМУҒА ЖОЛ АШАДЫ

Мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу турасындағы Елбасының халыққа арнаған  Үндеуінде айтылған конституциялық реформалар —  елімізді жаңғыртуға бағытталған нақты қадам. Бұл реформалар тек әлеуметтік-экономикалық қана емес, саяси бағытта да дамуға жол ашады. Нәтижесінде халқымыздың әл-ауқаты артады деген сенімдеміз.

Жаңару мен жаңғырудың даңғыл жолына түскен Қазақстан ширек ғасырдың ішінде бүкіл әлемге қуатты, дамыған, ынтымағы жарасып, ырысы артқан мемлекет ретінде танылды. Елбасымыз ендігі кезекте барша қазақстандықтың алдына осы береке-бірлік пен саяси тұрақтылықты одан әрі нығайтып, еліміздің іргесін бекіте түсуді басты мақсат етіп қойып отыр.

Үндеуді зор сеніммен және үлкен үмітпен қабылдадық. Мемлекет басшысы осы қадамы арқылы алдымыздағы мақсаттар мен міндеттерді айқындап берді. Ендігі алға қойылған мақсат — Конституция мен Заңдарға өзгерістер енгізу.

Елбасының Үндеуі мен ондағы саяси реформаларды үлкен жауапкершілікпен қабылдап қана қоймай, толық қолдаймын.

 Ағатай БЕЙСЕНБАЕВ,

зейнеткер.

Қобда ауданы.

ЖАҢА БЕЛЕСТІҢ ЖОЛЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үндеуінде жарияланған билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу қадамдары саяси тиімділікті арттырады.

Бұл — Үкіметті жасақтауда Парламенттің рөлі күшейтіледі деген сөз. Енді Үкіметтің де, Парламенттің де халық алдындағы жауапкершілігі арта түседі.

Конституциялық реформа біздің мемлекет пен қоғам үшін өте маңызды. Жаңа өзгерістер мемлекеттің дамуына тың серпін беріп, жаңа белеске шығаруға сеп болады.

Елбасы атап өткендей, бұл бастама, расында, биліктің барлық тармақтарының жұмысын тиімді әрі жауапты етіп, олардың арасында тиісті теңгермелік жасайтын болады.

 Нұргүл ЖҮСІПОВА,

кәсіпкер.

Ақтөбе қаласы.

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button