Ауыл

Көрсеткіш — 103 кооператив

«… Бес жыл ішінде 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тартуға мүмкіндік беретін жағдай жасау керек…»

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы:

жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауынан.

Елімізде өткен жылы қабылданған «Кооперация туралы» Заңның талаптары бүгінде тұрғындарға жан-жақты түсіндірілуде. Осы мақсатта аймаққа келген

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары Берік Нығмашевтің айтуынша, Заң бойынша кооператив құру үшін оның мүшесі 3 адамнан көп болуы керек. Ал мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін кооператив құрамындағылардың саны 20 мүшеден төмен болмауы тиіс.

Панабек Бимұратов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мал шаруашылығы бөлімінің басшысы:

— Ауыл шаруашылығы кооперативін құру — біздің ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуге, өңдеуші кәсіпорындардың жүктемелігін көбейтуге көп үлесін қосады. Бүгінгі күні облыс бойынша 103 кооператив құрылды. Ол әртүрлі саланы қамтиды. Оның ішінде мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, аралас шаруашылық, соның ішінде бірнеше кооператив дәстүрлі емес ауыл шаруашылығына бағытталған. Қазір облыста бал дайындаушы, таңқурай өсірумен айналысатын, ешкі сүтін өндіретін ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды. Ауыл шаруашылығының дәстүрлі емес түрі бойынша құрылатын кооперативтер алдағы уақытта аймақта көбейетін болады. Себебі бүгінгі күні жеке қосалқы шаруашылықтар  екі-үш малы үшін  Үкімет тарапынан ешқандай көмек көрмей келген болса, ауыл шаруашылығы кооперативін құрғаннан кейін қатардағы ірі тауар өндірушілер секілді олар да Үкімет тарапынан көп көмек көреді. Ол — әр малға төленетін субсидия.

Қазір халық кооперативтің тиімділігін түсіне бастады. Аймақта кооперативке бірігу жұмыстары бүгінгі күні қарқынды жүргізілуде.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button