Экономика

«Ақтөбе» индустриялық аймағы — инвестиция аумағы

«Ақтөбе» ӘКК» ҰК» АҚ қызметінің маңызды стратегиялық міндеті — мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, соның ішінде инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру, инвесторларды тарту мәселелері.

«Ақтөбе» ӘКК индустрияландыру және индустриялық аймақ операторы саясатының бастаушысы бола отырып, оның аумағында өңдеуші өндірістік секторында келешегі бар жобаларды іске асыру үшін кәсіпкерлерді шақырады.

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай»  халықаралық автомобиль дәлізінің бойында орналасқан және барлық қажетті инфрақұрылым және коммуникациялармен қамтамасыз етілген, 200 гектар аумағы бар «Ақтөбе» индустриялық аймағында  жер телімдері жалға беру немесе  одан әрі сатып алу құқығымен ұсынылады.

«Ақтөбе» индустриялық аймағында «Ақтөбе»  ӘКК» ҰК» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ  «ForteBank» АҚ өкілдерімен бірлесіп банк клиенттері-кәсіпкерлермен кездесу өтті.

«Ақтөбе» ӘКК  инвесторларды тарту мақсатындағы кездесу барысында бизнес-жобаларды іске асыру үшін өзара іс-қимыл және ынтымақтастық шарттары мен тетіктері және жер телімдерін алудың тәртібі және «Ақтөбе» индустриялық аймағының артықшылықтары туралы таныстырылды.

Сондай-ақ, «Даму» қорының өкілдері «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында  банктік мөлшерлемелерді субсидиялау туралы айтты.

Бұған дейін осындай кездесу облыстың 60-тан астам бизнесмендерінің белсенді қатысуымен «Казкоммерцбанк» АҚ кеңсесінде де өткен болатын.

«Ақтөбе» ӘКК осыған ұқсас  форматтағы кездесулерді «Халық Банкі» АҚ,  «Центр Кредит Банк» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ басшылығымен де өткізуді жоспарлап отыр.

 Н.ӘБЕНОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button