ЭкономикаӘлеумет

Өткен жылдың жүгі

Статистика

Облысымыздың 2016 жылғы қаңтар-желтоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

 Табыс

2016 жылғы II тоқсанда халықтың орташа жан басына атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 66 381 теңгені құрады.

2015 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар 9,6 пайызға өсіп, нақты ақшалай табыстар 6,5 пайызға төмендеген.

Жұмыс

2016 жылғы желтоқсанның аяғына жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 1,3 мың адамды құрады, бұл — экономикалық белсенді халық санының 0,3 пайызы.

Жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,2 пайызын құрады.

 Жалақы

2016 жылғы III тоқсанда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 117 305 теңгені құрады, яғни 2015 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 10 пайызға өсті.

Нақты жалақы индексі 2015 жылғы III тоқсанға 93,8 пайызды құрады.

Тұтыну

Тұтыну бағаларының индексі 2016 жылғы желтоқсанда 2015 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 108,3 пайыз құрады.

Бағалар азық-түлік тауарларына — 8,6 пайыздан, азық-түлік емес тауарларға — 7,2 пайызға, ақылы қызметтерге 9 пайызға артты.

Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағаларының индексі 2016 жылғы желтоқсанда 2015 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 113,1 пайызды құрады.

Инвестиция

2016 жылғы қаңтар-желтоқсанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 373 654,9 миллион теңгені құрады, бұл өткен жылға сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,3 пайызға көп.

 Заңды тұлғалар

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2017 жылғы 1 қаңтарға 15 561 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 7,5 пайызға артты.

Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 10 506 немесе тіркелгендер санына қатысты 67,5 пайыз құрады.

Жұмыспен қамтылғандардың саны 100 адамнан кем заңды тұлғалардың үлесі тіркелгендердің санына қатысты 97,8 пайыз және жұмыс істеп тұрғандардың санына қатысты 96,7 пайыз құрады.

Облыстағы шағын бизнес субъектілерінің (заңды тұлғалардың) саны 12 826 бірлікті құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 8,8 пайызға артты.

Сауда

2016 жылғы қаңтар-желтоқсанда бөлшек сауда көлемі 490 636,3 миллион теңгені құрап, 2015 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 1,2 пайызға өсті (салыстырмалы бағада).

2016 жылғы қаңтар-желтоқсанда көтерме сауда көлемі 678 923,7 миллион теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 100 пайыз құрады (салыстырмалы бағада).

2016 жылғы қаңтар-қарашада облыс бойынша өзара сауда тауар айналымы 782 632,4 мың АҚШ долларын құрап, 2015 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 6,9 пайызға азайды, оның ішінде экспорт 356 263,6 мың АҚШ долларын құрады (2,6 пайызға көбейді), импорт 426 368,8 мың АҚШ долларын құрады (13,7 пайызға азайды).

Өнеркәсіп

2016 жылғы қаңтар-желтоқсанға өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағалармен 1 202 723,6 миллион теңгені құрады, сөйтіп, 2015 жылға қарағанда 0,2 пайызға артты.

Өңдеу өнеркәсібі 15,8 пайызға және электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 9,3 пайызға артты; ал кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі 7,3 пайызға, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 11,2 пайызға төмендеді.

Ауыл шаруашылығы

2016 жылғы қаңтар-желтоқсанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметтерінің) көлемі ағымдағы бағалармен 184 800,3 миллион теңгені құрап, 2015 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 8,7 пайызға көбейді.

 Жүк айналымы

2016 жылғы қаңтар-желтоқсанда жүк айналымының көлемі 6099 миллион тонна-километр (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2015 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 100 пайыз құрады.

Жолаушылар айналымының көлемі 14 910,9 жүк-километр құрап, 5,4 пайызға артты.

Қаржылық нәтиже

2016 жылғы III тоқсанда ірі және орта кәсіпорындардың қаржылық нәтижесі пайда ретінде 133 695 миллион теңге сомасында анықталды. Пайдалылық деңгейі 28,2 пайызды құрады.

Есеп берген кәсіпорындардың ішіндегі жалпы санынан залалды кәсіпорындар үлесі — 38,2 пайыз.

 Облыстық статистика департаментінің мәліметтері бойынша әзірленді.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button