Спорт

Мерейлі мақтаныш

Көптен күткен дүбірлі дода өтетін уақыт та жақын қалды. Мен осы үлкен шарада алау ұстау мәртебесіне ие болғаныма мақтанамын.

Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласындағы №1 мектепті бітірдім. Спортпен 4-сыныптан бастап айналысамын. Мектепте самбо мен дзюдодан секцияға  қатыстым. 10-сыныпта оқып жүргенімде, 2012 жылы Норвегияда өткен халықаралық жарыста қазақша күрестен әлем чемпионы атандым.

2013, 2014, 2015 жылдары, үш жыл қатарынан жастар арасында күрестен өткен чемпионатта ел чемпионы болдым. Былтыр ересектер арасында самбо күресінен өткен жарыста Қазақстан чемпионы атандым. Сондай-ақ, дзюдодан да ел чемпионатында жеңімпаз болдым. Сол жылы Түркіменстанның Ашхабад қаласында өткен Азия чемпионатына қатысып, қола жүлде иелендім. 2016 жылы Болгарияда ұйымдастырылған әлем чемпионатына қатыстым.

Күрестің үш түрінен де: қазақша күрес (2013 жыл), дзюдо (2014 жыл), самбодан (2016 жыл) спорт шеберімін.

Жетістіктерім үшін жаттықтырушыларым Эдуард Саламат, Сәтжан Тойлыбаев, Алтынбек Жиенбаевтарға көп рақмет айтамын.

Универсиадаға қатысушы спортшыларға табыс тілеймін.

 Еламан ҚОЙШЫБАЕВ, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің 4-курс студенті.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button