Спорт

Алау және жастар

27 қаңтарда Ақтөбе қаласында өтетін студенттік ойындардың алауын жағу рәсіміне белсенді жастардың бірі ретінде қатысамын. Бұндай шараға алғаш қатысуым болғандықтан аздап қобалжу бар.

Жалпы эстафетаға қоғам өміріне белсене араласып, қандай да бір жетістікке жетіп жүрген жастар қатысады екен. Бұл ретте менің спорт саласындағы жүлделерім себеп болып отыр. 13 жасымнан бастап таэквондомен шұғылданамын. Бапкерім — ғаламдық таэквондо федерациясының президенті  Демид Грачев. 2013 жылы халықаралық турнирде  жеңімпаз болсам, 2014-2015 жылдары ұйымдастырлған «Боец Азии» халықаралық жарыстарында жүлдеге ие болдым. Былтыр Қазан қаласында өткен халықаралық чемпионатта чемпион атандым. Ал қазір наурыз айының жиырмасында өзіміздің қалада өтетін халықаралық турнирге дайындалып жатырмын. Сондай-ақ бапкермін, шәкірттерім бар.

Алға қойған жоспарым көп. Ең бірінші мақсатым —  оқуымды ойдағыдай аяқтап, жақсы маман болу.

 Назгүл БАЙМҰХАНБЕТОВА,

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің 4-курс студенті.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button