Ресми

Жол қозғалысын жабу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және               өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес және Жаңа жылға арналған іс-шараларды өткізуге байланысты қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2016 жылғы 31 желтоқсанда сағат 21.00-ден бастап 2017 жылғы 1 қаңтарда сағат 4.00-ге дейін Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы орталық саябақ ауданында Ғ.Жұбанова көшесінен М.Мәметова көшесіне дейінгі аралықта және Сазды өзені арқылы өтетін көпір өткеліндегі барлық көлік түрінің қозғалысы жабылсын.
  2. Ақтөбе қаласының ішкі істер басқармасының ҚЖТИ-сы «Тазалық» КМК-мен бірге осы учаскеде тиісті белгілер мен қоршаулар қоюға ұсыныс жасалсын.
  3. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық    шаруашылық, жолаушы көлігі  және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі,  «Автопарк»  жауапкершілігі  шектеулі серіктестігі, «Ақтөбе қаласының жолаушы-автокөлік кәсіпорны» жауапкершілігі  шектеулі серіктестігі  көлденең  көшелер   бойындағы   қоғамдық   көлік   қозғалысының  уақытша сызбасын  әзірлесін   және  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  жарияласын.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші  орынбасары Ж.Байырхановқа жүктелсін.

Қала әкімі                                                                                            І.Испанов.

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button