Спорт

Ләйлә — азия чемпионы!

Бәрекелді!

Айгүл — жүлдегер

Ақтөбенің балғын дзюдошы қыздары мықты, Азияны бағындырып келді.

Ливан елінің Бейрут қаласында жастар арасында дзюдодан өткен Азия чемпионатына Ақтөбеден үш спортшы барып қайтты.

Мұнда 44 кг салмақта бақ сынаған 1994 жылғы жас палуан Ләйлә Қонысбаева жеңіске жетіп, Азия чемпионы атанды. Қурайлы елді мекенінде атасы Елдес пен әкесі Арманның талай баланы боз кілем үстінде күреске баулып, спорт залда баптап жүргенін бала күнінен көріп өскен Ләйлә сол кезден бастап спорттың осы түріне жақын боп өсті. Бүйрегі күреске тартқан оны қазір әкесінің бауыры Самат жаттықтырып жүр.

Осы Азия чемпионатында 45 кг салмақта өзара сынға түскендер арасында Новый елді мекенінің тұрғыны, спорт шеберлігіне үміткер Айгүл Байқұлова ІІ орынға ие болды.

Осындай жарыстарда шыңдала түсетіндерін білетін табанды қыздардың алар асулары әлі алда.

Айнұр ЖАЛМАҒАНБЕТОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button