Ауыл

Жомарт жандардың ықыласы

Мектепке жол

Елімізде жыл сайын республикалық «Мектепке жол» акциясы өтетіндігі белгілі. Осыған орай биыл да  Қызылсу орта мектебінің көмекке мұқтаж оқушылары  үшін жомарт жандар табылды.

Айта кетер болсақ, «Аль-Софи» сауда үйі мен «Восход-Ориель» компаниясы оқушыларды кеңсе тауарларымен қуантса, ауылымыздағы шаруа қожалықтары  балаларға қаржылай жәрдем көрсетті. Яғни «Мұрагер», «Талап» және  «Еркіндік»  секілді шаруа қожалықтарының қожайындары оқушыларға қаржылай көмек беріп, сол қаражатқа оқушыларға оқуға қажетті киім-кешектер сатып алынды.

Сонымен бірге аудандық білім бөлімінің ұсынған қаржылай көмегі де ата-аналарды, оқушыларды қуантып тастады.

Жоғарыда аталған демеушілерімізге мектеп әкімшілігі тарапынан айтар алғысымыз шексіз. Қазіргі таңда жалпы сомасы 115 000 теңгеге оқушыларға материалдық көмек көрсетілді.

 А.ӨТЕУОВА,

Қызылсу орта мектебінің әлеуметтік педагогі.

Қызылсу ауылы.

Хромтау ауданы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button