АуылӘлеумет

«Нұрсәт» — 200 сәбидің мекені

Мемлекеттік-жекеменшіктік серіктестік

 Мәртөк тұрғындары «Нұрсәт» атты жаңа жекеменшік балабақшаның ашылуына куә болды. Әлеуметтік жоба Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, мемлекет пен жекеменшік серіктестігі аясында жүзеге асырылды.

Көрсе көз тоярлық жаңа нысан балғын бүлдіршіндерге лайықталып, ойын алаңымен, заманауи жиһаздармен жабдықталған. 200 баланы қамтымақ, олар 8 топта емен-жарқын кең бөлмелерде тәрбие алатын болды. Балабақша меңгерушісі Айгүл Панинаның айтуынша, екі тілді мекемеде екі топ орыс тілді болса, қалған алтауы қазақ тілде тәлім беретін болады. Асхана, ертеңгілік өтетін зал, әр топтағы бөбектердің жас ерекшелігіне байланысты санитарлық-гигиеналық талаптар қарастырылған.

Аудан жұртшылығын қуанышқа кенелт­кен ізгі шараға аудан әкімі Нұржауған Қалауов, мердігер компаниясының басшысы Ренат Ахмадиев, серіктестік құрылтайшысы «Мирсель» ЖШС директоры Гүлбадам Дауыт қатысты. Ашылу салтанатында «Айгөлек» және «Тополек» бақшаларының бүлдіршіндері өз өнерлерімен шашу шашып, жаңа балабақашаның лентасын аудан әкімі қиды.

Әжелеріміз шашу шашып, мәртөктіктер ғимаратты аралап, тамашалады.

«Мирсель» ЖШС директоры Гүлбадам Дауыт: «Балапан» бағдарламасы шеңберінде мектепке дейінгі мекемелерді ашумен айналысып жүргенімізге бес жылдай уақыт болды. Мемлекеттік бағдарлама көптеген үйде отырған балақайларды қамтып, ата-аналарының жұмысқа шығуына мүмкіндік беруде», — дейді.

Жаңа балабақшаның мемлекеттік мекемеден еш айырмашылығы жоқ, бағасы орталықтағы балабақшалармен тең. Артықшылығы — бөлмелері кең әрі жарық, бүлдіршіндердің қабілеттерін дамытуға жағдай жасалған.

Аманат ҚАЛПИЕВА,

Мәртөк ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button