Ауыл

Ақшатаулықтардың қуанышы

Елімізде игілікті істердің мерекемен ұштасатын жазылмаған «заңы» бар. Мұндай жемісті «заң» біздің ауданға да тән. Талай айтулы мереке күні «тартулы» сәтке куә болдық.

Конституция күні ақшатаулықтар зор қуанышқа кенелді. Үлкендердің айтуынша, ауылдың тарихында алғаш рет мектепке дейінгі ұйым ашылды.

Әрине, мектеп жанындағы шағын орталық… Бұрынғы интернат үйі балалар үшін бейімделді. Жабдықталды. Қазір ауыл балаларының игілігіне жарап тұр. Рас, кем-кетігі бар. Бірақ, көштің жүре түзелетінін ескерсек, шағын орталықтың әлі де ауылдың сәнді ғимараттарының біріне айналатынына күмәніміз жоқ. Ақшатаулықтардың мерекемен ұштасқан қуанышын аудан әкімі Бұлбұл Күзембаева бөлісті. Ашылу салтанатына қатысып, ауыл балаларының өнерлерін тамашалады. Шағын орталыққа «Отау» қабылдағышы мен теледидар тарту етті. Аудандық білім бөлімі балаларға бірнеше жұмсақ ойыншықтар сыйлады. Ауылдағы қуанышты шақта ауыл ақсақалы Кәрім Қарасаев балаларға бата берсе, аналар шашу шашты.

«Еркетай» шағын орталығында қазір бес жасқа дейінгі 35 бала бар. Биыл 13 бала мектеп табалдырығын аттап отыр.

Серікбай ҚОЙБАҒАРОВ,

Ойыл ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button