Басты жаңалықтарСпорт

Фархад Харки — қола жүлдегер!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рио Олимпиадасының үшінші күнінде Қазақстан қоржынына үшінші жүлде түсті. ХХХІ Жазғы Ойындарға біздің өңірден, Ақтөбеден аттанған екі спортшының бірі — ауыр атлет Фархад Харки қола жүлдеге ие болды.

Фархад 62 килограмм салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Жұлқа көтеруде ол — 135 килограмдық, ал серпе көтеру сайысында 170 килограмдық зілтемірді «бағындырды». Қорытынды нәтижесі — 305 килограмм, бұл колумбиялық Оскар Фигероа (318 кг) мен индонезиялық Юли Ираван Эконың (312 кг) көрсеткішінен кейінгі үшінші нәтиже.

Ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бас бапкері Алексей Ни Риода жүрген қазақстандық журналистерге берген сұхбатында Фархад Харкидің Олимпиада алдында 69 килограмм салмақ дәрежесінде өнер көрсеткенін, ал Олимпиадаға барар алдында, бапкерлер өтініші бойынша, біраз салмақ түсіргенін атап өтті. Спортшыға жарыс алдында салмақ қуу тіпті де оңайға соқпайды, ағза әлсірейді. Дегенмен, Алексей Нидің айтуынша, Фархад өзінің ерік-жігері, табандылығы арқасында Олимпиада медалін иемденді. Құтты болсын!

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button