Спорт

Алтын, күміс және екі қола

Таэквондо

Жақында Қазан қаласында өткен таэквондо ГТФ-дан Әлем біріншілігінен ақтөбелік спортшылар олжалы оралды.

Ақтөбелік Назгүл Баймұханбетова таэквондоның къекпа (қалың тақтайды сындыру) түрі бойынша еш қарсыласқа мүмкіндік қалдырмай алтыннан алқа тақты. Ал 15-17 жастағы жасөспірімдер арасынан ақтөбелік Жәнібек Асанов ақтық айқаста Беларусь спортшысына тартысты өткен жекпе-жекте есе жіберіп, күміс медальға ие болды. Таэквондоның осы түрімен ересектер арасында көптен айналысып жүрген ақтөбеліктер Қасым Қайырбай мен Есет Аймаханов Қазақстан қоржынына екі қола медаль салды.

Жалпы командалық есепте 40 елден келген таэквондошылар арасынан біздің спортшы қыз-жігіттеріміз 4-орынға табан тіреді.

С.ХАЙРУЛЛАҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button