Спорт

Балықшылар бәсекесі

Сарбұлақ ауылында балықшылар арасында балық аулаудан дәстүрлі жарыс өтті. Мұны Қобда балалар жасөспірімдер спорт мектебі ұйымдастырды.

«Басты мақсат балық аулау емес, керісінше олардың өсіп-өнуіне жанашырлық жасау және табиғаттағы тепе-теңдік заңының сақталуына жағдай туғызуды насихаттау», — дейді жарысты ұйымдастырушылар.

Балық аулауды біз көбіне-көп хоббиге балап жатамыз. Дей тұрғанмен, бұл да спорт түрінің бірі. Ерекше ыждаһаттылық пен төзімділікті қажет ететін бұл сайысқа біз де көз жеткізіп қайттық. Екі кезеңнен алты сағатқа созылған балықшылар жарысы қызықты өтті.

Доданың жеңімпаздары да анықталды. Атап айтар болсақ, 1-орын «үш дүркін чемпион», қармағына 4,860 кг. балық түскен Әлия ауылының тұрғыны Орман Үдербаевқа бұйырды. 2-орынды ауланған балықтары 4,670 кг. салмақ тартқан қобдалық С.Тажмағамбетов иеленсе, 3-орынды жалпы салмағы 3,555 кг. балық ұстаған Әлия ауылынан келген М.Өсеров қанағат тұтты. Жарыс соңында үздіктер балықшы құралдарын иеленіп, Алғыс хаттармен марапатталды.

Анаргүл АЙТҚАЛИҚЫЗЫ.

Қобда ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button