Ресми

Байғанин ауданының қазақстан республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Туған жерім — нұрлы елім» атты мерекелік іс-шаралар бағдарламасы

15.07.2016 жыл.

10.00-12.00 «Тарихи тұлғаларға тағзым». Ақтөбе қаласындағы Сәңкібай батыр, Алтай батыр,  Бөкенбай батыр, Асау-Барақ,  Қожабай Жазықов,  Сәрсенғали Ешбаев,  Сағи Жиенбаев, Бәкір Тәжібаев, Сақтаған Бәйішев, Төлеген Айбергенов атындағы көшелер бастауларындағы мемориалды тақта жанына гүл шоқтарын қою.

15.00 — С.Бәйішев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Самғатқан сан қыранды туған өлкем» атты Байғанин ауданынан түлеп ұшқан ғылым-білім, әдебиет, өнер саласындағы еңбек сіңірген тұлғалармен кездесу.

18.00 — Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында Оймауыт халық театрының Б.Тәжібаевтың «Ана жүрегі» спектакліне қойылымы.

16.07.2016 жыл.

9.00-13.00 — «Табыс» коммуналдық базарында азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі

10.00-12.00  — Аудан өнерпаздарының концерті.

 11.00-11.30 — «Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігімен бірлескен «Бар мейіріміміз — балаларға» қайырымдылық концерті.

17.00-20.00  — Тұңғыш Президент атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында — қолөнер бұйымдарының көрмесі, ұлттық спорттық ойындар, ұлттық тағамдар

20.00-22.00Мерекелік гала-концерт.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button