Білім

«Балаусадағы» бақытты күндер

Лагерь

Ақтөбе қаласындағы №53 орта мектепте маусым айында ашылған «Балауса» жазғы демалыс лагері екі ауысым бойынша жұмыс жасады.

Лагерьде көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балалары демалды.

Жазғы лагерьде балалардың уақытымен тамақтанып, демалысын қызықты өткізуіне барлық жағдай жасалды.

Мектеп директоры Ж.Романова мен лагерь басшысы А.Тілеуқұлова бастаған тәрбиешілер, музыка пәнінің жетекшілері балалардың жазғы демалысын тиімді өткізуіне жағдай жасап, оларға тәрбиелік, спорттық шаралар өткізді.

Тәрбиешілер әр күнге белгіленген түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырып, балалардың демалысына арнап алаңдар, бөлмелер жабдықтады.

Балалар мектеп жанындағы лагерьде болып, өздеріне сенімді достар тапты. Ерекше көңіл күймен ақ тілектерін арнап, лагерь басшылығына алғыстарын жеткізді.

 А.НҰРМАҒАМБЕТОВА,

мектеп психологі.

Ақтөбе қаласы.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button