Білім

1087 педагог біліктілігін арттырды

Ғылым-білім саласындағы көптеген өзгерістер мен жаңалықтарға байланысты оқу жүйесін, оның бағдарламасын жаңартып, заманына лайық педагог дайындап отыру — уақыт талабы.

Ақтөбе облысының педагогтары әр кез өзгерістер мен жаңалықтарды дер кезінде естіп, танысып, өз білімдерін жаңа жағдайға негізделген әдіс-тәсілдер арқылы жетілдіріп отырады.

Осы орайда «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты жоспарына сәйкес, осы жылдың 28 наурызынан 12 тамызына дейін орта білім мазмұнын жаңарту аясында облыстың 2239 мұғалімі қазақ және орыс тілінде оқытылатын мектептердің бастауыш сынып, музыка, бейнелеу, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша біліктілігін арттыруы қажет. Атап айтсақ, бүгінгі таңда облыстың барлық ауданы бойынша барлығы 1087 педагог біліктілігін арттырды.

Қазір Ақтөбе қаласында бастауыш сынып, бейнелеу, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша және Хромтау ауданының №4 орта мектеп базасында, Қарғалы ауданының №1 Бадамша орта мектеп базасында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша біліктіліктерін арттыру мақсатында білім жетілдіріп жүр.

Өркениетті қоғам мен құқықтық мемлекеттік өсу өскелең ұрпақтан рухани байлық пен мәдениеттілікті, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылықты, білімділікті, іскерлікті талап етеді. Еліміздің білім саласының жаңару жағдайында бүгінгі таңда жан жақты тұлғаны дамыту міндеті жүктелуде. Жаңартылған білім беру бағдарламасында ұсынылған тапсырмалардың көп қырлылығының арқасында тыңдаушы мен оқытушының бірлесе жұмыс жасау әдіс-тәсілдері кеңінен қолданылуда. Әрбір бөлім бойынша жоспарланған жұмыстың негізгі кезеңдері педагогтарға мүмкіндігінше өздерінің белсенділіктерін көрсетуге жағдай тудырады.

 

М.НҰРМҰХАНБЕТОВА,

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының баспа бөлімі және қоғамдық ортамен байланыс бөлімінің басшысы.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button