Спорт

«Ақтөбенің» қарсыласы — «МТК Будапешт»

УЕФА

Швейцарияның Ньон қаласында Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасына қатысатын командалар арасында жеребе тарту рәсімі өтті.

Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі «Ақтөбенің» қарсыласы — Венгрияның «МТК Будапешт» командасы. Бұл команда — Венгрияның 23 мәрте чемпионы, 12 рет ел Кубогы иегері болған, үш рет елдің Суперкубогын жеңіп алған.

Бірінші кездесу 30 маусымда Ақтөбе қаласында, ал қарымта кездесу 7 шілдеде Будапештте өтеді.

Дәл осы күндері Еуропа Лигасында шымкенттік «Ордабасы» Сербияның екі мәрте қола жүлдегері, ел Кубогы иегері «Чукарички» командасымен күш сынасады. Бірінші кездесу Белградта, қарымта ойын Шымкентте өтеді.

Еуропа Лигасындағы тағы бір командамыз «Қайрат» осы күндері Албанияның екі дүркін чемпионы, үш дүркін ел Кубогы иегері «Теута» (Дуррес қаласы) командасымен бәсекеге түседі. «Қайрат» бірінші ойынын Албанияда өткізеді.

Ал Чемпиондар Лигасындағы «Астананың» қарсыласы — Литваның алты дүркін чемпионы, кеңестік заманның жанкүйерлеріне жақсы таныс «Жальгирис» (Вилньюс). Бірінші ойын 12/13 шілдеде Вилньюсте болса, қарымта кездесу 19/20 шілдеде Астанада өтеді.

 Е.АҚАТҰЛЫ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button