Білім

Жұлдызды әлемге ұмтылыс

Сайыс

 Алматы қаласындағы «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының ұйымдастыруымен белгілі астроном Төкен Омаров атындағы республикалық ғарыштық физика мен астрономия ғылыми сайысы өткізілді. Оған Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатынан Д.Шультинов, М.Ыдырысов, Р.Ахмет, Д.Нұралы секілді оқушылар қатысты. Талапкерлерді ұстаз Ағила Хамитқызы бастап барды.

Жарыс барысында республиканың түкпір-түкпірінен жиналған оқушылар ғарыштық физика және астрономия тақырыптарында ғылыми жобалар қорғап, осы пәндерден олимпиадаға қатысты. Кескін карта арқылы жұлдыздарды табу бойынша сынақ тапсырды. Ақтөбелік мектеп-интернаттың «Темірқазық» командасының өзін-өзі таныстыруы профессорлар мен докторлардан құралған әділқазылар алқасының көңілінен шықты.

Ақтөбе облысы командасының тұсаукесері слеттің салтанатты жабылу шарасында қайталанып көрсетілді. Ғылыми жарыстың құрметті қонағы болған ғарышкер Айдын Айымбетов ақтөбелік оқушыларға жеке қолтаңбасын қалдырып, естелікке суретке түсті.

«Темірқазық» командасы «Бөбек» орталығының бас директоры И.Логинованың  және обсерватория директоры Н.Бейсеннің Алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, Р.Ахмет пен Д.Нұралы жоғары білім көрсеткендері үшін ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарға ие болады.

Жарысқа қатысқан оқушыларға телескоп арқылы түнгі жұлдызды аспанды тамашалау мүмкіндігі туғызылды.

 Н.ДАБЫЛОВ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button