Спорт

Алғашқы алтылықтың екпіні

Премьер-Лига

«Ақтөбе» соңғы үш ойынның екеуінде жеңіске жетіп, бір рет сырт алаңда тең ойнады. Әсіресе, 9 мамыр күнгі кездесуде құрамында әртүрлі себептермен Самат Смақов, Кирилл Шестаков, Тоқтар Жаңғылышбай тәрізді футболшылар болмауына қарамастан жерлестеріміз тәжірибелі ойыншылары мол, қатарынан бес тур бойы жеңілмей келе жатқан «Атырауға» дес бермеді. Сондай-ақ ақтөбеліктер, міне, қатарынан үш тур бойы қақпаға гол енгізбей қойды. Бұл бас бапкер Юрий Уткульбаевтың команданы дұрыс қалыптастырып келе жатқанын аңғартады.

Ал жалпы жағдайға көз жүгіртсек, 9-10 мамыр күндері өткен 10-тур ойындары турнир кестесіне өзгеріс енгізіп жарытқан жоқ. Тек «Тобыл» бір саты төмен түсіп, оның орнына «Қайрат» орналасты. Басқаша айтсақ, алғашқы алтылықтағы командалар екінші алтылықта тұрғандарды жеңіп шықты. Сол екінші алтылыққа қатарынан екі рет ұтылған «Тобыл» қосылды.

Еш ұтылыссыз ойнап келе жатқан «Астана» мен «Ертіс» бұл турда да жеңіске жетті. Соңғы бес ойынның төртеуін 1:0 есебімен аяқтап келе жатқан «Астана» 2:0 есебіне қол жеткізді. Ал жеңісті жеңіске ұластырып келе жатқан павлодарлықтардың бұған дейін тек «Ақтөбе» және «Астанамен» ғана тең ойнағанын еске сала кетейік. Жалпы бұл екі команда басқалардан оқ бойы озып кетті.

Бұдан бұрын қатарынан екі рет (әуелі «Ақтөбеден», сосын «Астанадан») жеңіліп қалған «Оқжетпес» қарсыластар қақпасына 4 гол енгізді.

«Жетісу» мен «Тараз» қатарынан үш реттен ұтылды, оған қоса тараздықтар қатарынан 9 тур бойы жеңіске жете алмай келеді.

Сонымен кездесулер төмендегідей есептермен аяқталды:

«Ақтөбе»-«Атырау» — 1:0

Гол авторы: Дидар Жалмұқан, пенальти, 74-минут (1:0)

«Ертіс»-«Тараз» —2:1

Гол авторлары: Роман Муртазаев, 6-минут (1:0); Малик Мане, 34-минут (1:1);  Марат Шахметов, автогол, 56-минут (2:1).

«Ордабасы»-«Шахтер» — 2:0

Гол авторлары: Азат Нұрғалиев, пенальти, 22-минут (1:0); Еркебұлан Тұңғышбаев, 47-минут (2:0).

«Жетісу»-«Оқжетпес» — 1:4

Гол авторлары: Марат Хайруллин, 2-минут (0:1); Нганбе, 32-минут (0:2); Жасұлан Молдақариев, 59-минут (0:3); Марко Симоновски, 78-минут (1:3); Марат Хайруллин, 90+4 минут (1:4).

«Тобыл»-«Қайрат» — 1:2

Гол авторлары: Томаш Шимкович, пенальти, 8-минут (1:0); Жерар Гоу, 13-минут (1:1); Жерар Гоу, 56-минут (1:2).

«Астана»-«Ақжайық» — 2:0

Гол авторлары: Таңат Нөсербаев, 45-минут (1:0); Патрик Твумаси, 58-минут (2:0).

*   *   *

 

10-турдың нәтижелері:

Бұл турда 16 гол соғылды. Алаң иелері 9 гол соқса, қонақтар 7 доп өткізді. 2:0; 2:1 есептері екі реттен қайталанды.

Биылғы чемпионатта 4:1 есебі алғаш рет тіркелді.

3 доп пенальтиден соғылды, 1 автогол орын алды.

4 кездесуде алаң иелері, 2 ойында қонақтар жеңді. Тең ойын нәтижесі болған жоқ. Бір кездесу ірі есеппен аяқталды.

Ең шапшаң гол иелері: Марат Хайруллин, 2-минут («Оқжетпес»); Роман Муртазаев, 6-минут («Ертіс»); Томаш Шимкович, 8-минут, пенальти («Ертіс»).

Кездесулер барысында 17 ескерту қағазы көрсетілді.

Мергендер көшінің басында 7 гол соққан Роман Муртазаев («Ертіс») тұр.

Чемпионат басталғалы 59 кездесу өтті. 29 ойында алаң иелері жеңіске ие болса, 17 тайталаста қонақтар басым түсті, 13 кездесу тең есептермен аяқталды. Қақпаларға 129 гол соғылды (алаң иелері — 73, қонақтар — 56), сөйтіп, әр кездесуде қақпаларға орта есеппен 2,18 гол енді.

Бұл турда чемпионат басталғалы 2:1 есебі оныншы рет қайталанды.

Біздің мергендеріміз:

Самат Смақов — 4 гол (үшеуі — он бір метрлік айып добы);

Никита Бочаров — 2;

Бобир Давлатов — 1;

Тоқтар Жаңғылышбай — 1;

Асланбек Кәкімов — 1,

Дидар Жалмұқан — 1 (1).

 

ТУРНИР КЕСТЕСІ

 

Команда      О         Ж        Т         Ұт       Д         Ұп

 

1.Астана      10       9          1          0          16-5    28

2.Ертіс          10       8          2          0          22-5    26

3.Оқжетпес 10       6          1          3          15-6    19

4.Ордабасы 10      5           2          3          14-13  17

5.Ақтөбе       10      4           3          3          10-12  15

6.Қайрат       10      4           2          4          11-8    14

7.Тобыл        9        3           2          4          12-12  11

8.Шахтер      10      2           3          5          4-11    9

9.Атырау      9          1          4          4          5-10    7

10.Ақжайық 10       2          1          7          3-13    7

11.Жетісу     9          1          3          6          9-19    6

12.Тараз       10      1           2          7          8-15    5

 

*О — ойын, Ж — жеңіс, Т — тең, Ұт — ұтылыс, Д — доп айырмашылығы, Ұп — ұпай.         

*   *   *

 

14 мамыр, сенбі күні өтетін бірінші кезеңнің бірінші айналымының соңғы 11-турында «Ақтөбе» сырт алаңда қарағандылық «Шахтермен» кездеседі.

Басқа ойындар:

14 мамыр, сенбі

«Тараз» (Тараз) — «Ордабасы» (Шымкент)

15 мамыр, жексенбі

«Атырау» (Атырау) — «Астана» (Астана)

«Ақжайық» (Орал) — «Жетісу» (Талдықорған)

«Оқжетпес» (Көкшетау) — «Тобыл» (Қостанай)

«Қайрат» (Алматы) — «Ертіс» (Павлодар)

 

Ертай АШЫҚБАЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button