Білім

Өнегелі өмір тағылымы

Облыстық С. Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері мен №47 жеке пәндерді тереңдетіп оқытатын арнайы мектептің 8-сынып оқушылары арасында жерлесіміз, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, профессор Ишанбай Қарақұловтың туғанына 100 жыл толуына орай «Өнегелі өмір» атты тағылым сағаты өтті.

Шараның басты мақсаты қазаққа еңбегімен танылған Ишанбай Қарақұловтың өмірі мен ғылыми шығармашылық еңбектері туралы оқушыларға тереңірек мағлұмат беру, тәрбиелік мәні зор әдеби кітаптарды таныстыру болатын. Осыған орай  кітапхананың абонемент бөлімінің меңгерушісі Баян Озғанбаева қоғам қайраткерінің екі рет Қазақ ССР Денсаулық министрі болғандығын, ғылыми-көпшілік және публицистикалық сипаттағы 300-ден астам еңбек жазғандығын, «Сырласу» атты кітаптың авторы екенін айтып өтті. Тағылым сағатына қатысушы оқушылар кітапхана қызметкерлеріне жүйелі сұрақтар беріп, тұшымды жауаптар алды.

Ләззат БӨЛТЕКОВА,

С.Жиенбаев атындағы жасөспірімдер

кітапханасының жетекші кітапханашысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button