Экономика

Екі айдың есебі

Статистика

 Облысымыздың 2016 жылғы қаңтар-ақпандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

 Ақшалай табыс

 2015 жылғы III тоқсанда халықтың орташа жан басына атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 62 534 теңгені құрады.

Өсім 2014 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар үшін 0,5 пайызға, нақты ақшалай табыстар үшін 2,8 пайызға төмендеген.

 Жұмыс

 Биылғы жылғы ақпанның аяғына жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2 мың адамды құрады, бұл — экономикалық белсенді халық санының 0,4 пайызы.

Жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,6 пайызын құрады.

 Жалақы

 2015 жылғы IV тоқсанда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 113 431 теңгені құрап, 2014 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 1,2 пайызға азайды. Нақты жалақы индексі 2014 жылғы IV тоқсанға 89,3 пайызды құрады.

 Баға

 Тұтыну бағаларының индексі 2016 жылғы ақпанда 2015 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 103,7 пайыз құрады.
Баға азық-түлік тауарларына 2,4 пайыздан, азық-түлік емес тауарларға — 1 пайызға, ақылы қызметтерге — 7,8 пайызға артты.
Өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2016 жылғы ақпанда 2015 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 4,8 пайызға төмендеді.

 Инвестиция

 2016 жылғы қаңтар-ақпанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 18,8 миллиард теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,7 пайызға көп.

 Заңды тұлғалар

 Тіркелген заңды тұлғалар саны 2016 жылғы 1 наурызға 14 637 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,9 пайызға артты.
Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 9306 болды немесе тіркелгендер санына қатысты 63,6 пайызды құрады.
Жұмыспен қамтылғандардың саны 100 адамнан кем заңды тұлғалардың үлесі тіркелгендердің санына қатысты 97,7 пайыз және жұмыс істеп тұрғандардың санына қатысты 96,3 пайыз құрады.
Облыстағы шағын бизнес субъектілерінің (заңды тұлғалар) саны 11 939 бірлікті құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 7,7 пайызға артты.

 Сауда

 2016 жылғы қаңтар-ақпанда бөлшек сауда көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 53,9 миллиард теңгені құрап, 2015 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 4,4 пайызға кеміді (салыстырмалы бағада).
Биылғы жылғы қаңтар-ақпанда көтерме сауда көлемі 56 миллиард теңгені құрап, 2015 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 17,1 пайызға өсті (салыстырмалы бағада).
Үстіміздегі жылғы қаңтарда облыс бойынша өзара сауда тауар айналымы 44,7 миллион АҚШ долларын құрап, 2015 жылғы қаңтармен салыстырғанда 31,7 пайызға азайды, оның ішінде экспорт — 24,4 миллион АҚШ долларын құрады (11,6 пайызға азайды), импорт — 20,3 миллион АҚШ долларын құрады (46,3 пайызға азайды).

 Өндіріс

 2016 жылғы қаңтар-ақпанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағалармен 168,3 миллиард теңгені құрады, бұл 2015 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 4,6 пайызға кем. Өндіріс көлемі кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда — 7,4 пайызға, өңдеу өнеркәсібінде — 2,1 пайызға, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 27,7 пайызға төмендеді; ал электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 17,5 пайызға артты.

 Ауыл шаруашылығы

 2016 жылғы қаңтар-ақпанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметтерінің) көлемі ағымдағы бағалармен 18,8 миллиард теңгені құрап, 2015 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 0,8 пайызға көбейді.

 Жүк айналымы

 2016 жылғы қаңтар-ақпанда жүк айналымының көлемі 884,1 миллион тонна-километр (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2015 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,6 пайызға азайды.
Жолаушылар айналымының көлемі 2199,7 миллион жүк-километр құрап, 1,2 пайызға артты.

 Облыстық статистика департаментінің мәліметтері бойынша әзірленді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button