Білім

Ұстаз бен шәкірт үндестігі

Ұстаздар мерекесі қарсаңында №36 қазақ орта мектебінің «Аманат» балалар ұйымы «Біз де оқушы болғанбыз…» атты кеш өткізді. Шараға ұстаздар мен оқушылар қатысты.

Оқушылар аталған шараға өздерінің тыңғылықты дайындалғандарын көрсетті. Мәселен, ұстаздардың оқушы кездеріне қатысты сұрақтар қойылып, олар барлық сауалдарға жауап берді. Сұқбат арасында «Жұмбақ бала» айдарымен берілген суретті жарысқа оқушылар таласа қатысып, өз шеберліктерін байқатты. Ал «Балалық шаққа саяхат» атты ойынға мұғалімдер де қатысты. Сондай-ақ 9-сынып оқушысы Нұржамал Бекитова мен 6-сынып оқушысы Нұржан Жолдыбай  ұстаз рөлінде ойнап, қызықты көрініс ұйымдастырды. Кеште ұстаздардың оқушы кезеңдерін бейнелейтін арнайы слайд көрсетілді.

Кеш барысында оқушылар ұстаздарға арнап өлең оқып, ән шырқады. Сонымен бірге шарада мектеп директорының оқу ісі жөніндегі  орынбасары  Индира  Бексұлтанова «Біз де оқушы болғанбыз…» кітабының тұсауын кесті.

Кеш өте тартымды өтті. Мектеп оқушылары ұйымдастырған шараға ұстаздар ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтты.

Марал БАЛДАНОВА,

№36 қазақ орта мектебінің мұғалімі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button