Білім

Мектеп және қамқорлық

Қызылжар орта мектебінің ұжымы «Қамқорлық» акциясының өтуіне бір кісідей ат салысты.

Қызылжар селосы қала маңына жақын болғанымен, мұнда өндірістік мекемелер жоқтың қасы. Не бары екі-үш дүкен ғана бар. Сондықтан қашанда оқушысы үшін жанын салатын ұстаздар қауымы «Қамқорлық» акциясы барысында белсенділік танытты. Мұғалімдер мен мектеп қызметкерлері бірлесе отырып, еңбек табыстарынан арнайы қаржы бөліп, 1-сыныптың 18 оқушысы мен 15 аз қамтылған отбасылардың балаларын ақысыз тамақтандырып келеді. Сонымен қатар кейбір оқушыларға жылы аяқ киімдер табыс етілді.

Акция кезінде көрсетілген көмек 75 280 теңге болды.

Б.НАЗАРОВА,

мұғалім.

* * *

Биылғы оқу жылында мектебімізде «Қамқорлық» акциясы екі рет ұйымдастырылды. Акция барысында мектеп ұжымының көмегімен аз қамтылған балаларға тегін оқу-құралдары берілді. Қараша айында «Қызыл Ай Қоғамы» қоғамдық бірлестігінің облыстық комитеті филиалы әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларын түрлі киімдермен қамтамасыз етті. Ал желтоқсан айында жалпыға бірдей білім беру қорынан 290 000 теңге қаржы бөлініп, 62 оқушы қысқы жылы киімдермен қамтамасыз етілді.

Қыркүйек айында жағдайы төмен отбасы балалары оқулықпен түгел қамтылды. Мектепте оқушыларды ыстық тамақпен қамту қолға алынды. Ай сайын 15 оқушыға тегін тамақ беріледі.

«Қамқорлық» акциясы кезінде облыстық білім департаментінің ұйымдастыруымен көп балалы отбасында тәрбиеленіп жатқан 8-сыныптың екпінді оқушыларының бірі Бақыт Қайырбаева Астана қаласына үш күндік тегін саяхатқа барып қайтты.

Нұргүл БАЙНИЯЗОВА,

№15 Ақтөбе орта мектебі

директорының орынбасары.

* * *

№31 Ақтөбе қазақ орта мектебінде өткен аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсету акциясы «Қайырымдылық – имандылық белгісі» деп

аталды.

Бір ай бойы ұйымдастырылған шараның басты мақсаты – тұрмысы төмен отбасы балаларын киім-кешекпен қамтамасыз ету. Ұстаздар қауымы қайырымдылық қорын жасақтауға бір кісідей ат салысты. Арнайы қайырымдылық концерті  ұйымдастырылды.

Шара соңында мектеп директоры С.Баймағамбетова акцияның өтуіне ат салысқан ұстаздар қауымына алғысын айтты. Қайырымдылық нұрын сезінген 28 оқушының келбетінен ұстаздарға деген шексіз алғыс пен әсерлі сезімнің табы сезіліп тұрды.

А.ЖҰБАНОВА.

* * *

«Мектеп жолы» акциясы №50 Ақтөбе орта мектебінде аз қамтылған отбасы балаларын қамтыды.

Акция барысында мектептегі 70 оқушыға түрлі көмектер көрсетілді, 50 оқушы  оқу-құралдарымен қамтамасыз етілді. Мектептің сұранысы бойынша «Қызыл Ай Қоғамы» қоғамдық қорынан көмек ретінде 20 оқушыға қысқы қалың киімдер мен аяқ киімдер берілді.

Ал барлық сыныптарда «Қамқорлық ұлылықтан туындайды» атты тәрбие сағаттары өтті. Білім ордасының өнерлі оқушылары қайырымдылық концертін ұйымдастырды.

А.АМАНГЕЛДИНА,

директордың жалпыға бірдей

білім беру ісі жөніндегі орынбасары.

* * *

«Мектеп жолы» атты акцияға орай  №5 Ақтөбе жалпы білім беретін орта мектебінде «Жүректен жүрекке» атты кеш өтті.

Біздің мектебімізде өткен шараға «Үміт – өмір тірегі» ұжымы және  «Карета», «Арал – 2000» ЖШС ұжымдары қолдау көрсетті.

Алдымен «Үміт – өмір тірегі» ұжымының демеушілігімен аз қамтылған отбасы балаларына тегін кино көрсетілді. Содан соң ата-аналар мен мұғалімдердің атынан 60 оқушыға білім құралдары және «Карета», «Арал – 2000» ЖШС демеушілігімен жасалған сыйлықтар табыс етілді.

Акция соңында мектеп директоры С.Шүйтенов демеушілік еткен адамдарға ризалығын білдіріп, алғыс айтты.

А.АБДИЕВА,

8-сынып жетекшісі.

* * *

Новый орта мектебінде «Қамқорлық – асыл қасиет» атты қайырымдылық акциясы өтті.

Мектептегі аз қамтылған және әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларына мектеп ұжымы мен ата-аналар тарапынан көмек көрсетілді. Сынып жетекшілері жиналған қаражатқа мектеп құралдары мен жылы киімдер алып, оқушыларға үлестірді.

Акция барысында барлығы 42 балаға көмек көрсетілді. Сондай-ақ, аз қамтылған, жағдайы төмен отбасы балаларының оқуы мен тәрбие жұмыстары қаралды.

Назира МІНАЙДАРҚЫЗЫ,

Новый орта мектебінің әлеуметтік педагогі.

***

№24 Ақтөбе лингвистикалық мектеп-гимназиясында «Қамқорлық» акциясы жылына үш рет өтеді.

Менің балам үш жылдан бері осы мектеп-гимназияда оқиды. Қала мектебінде оқушылардың киім киісі, талғамы жоғары болғандықтан, мен де баламды қатарынан кем қылғым келмейді. Бірақ бала өскен сайын оған қажеттілік күн санап артады екен…

Мектебімізде жиі өткізілетін «Қамқорлық» акциясының аз қамтылған отбасы балаларына тигізер көмегі көп. Себебі акция кезінде 30-дан астам балаға жәрдем беріледі. Мұқтаж оқушылар жылы киімдерге, оқу-құралдарына және басқа материалдық көмекке қол жеткізеді.

Айта кететін жайт, мектеп әкімшілігі отбасы жағдайы төмен балаларға қолдауды  ата-ана арызы бойынша өтейді. Мұны біз аз қамтылған отбасы балаларының жүзі жарқын, өз қатарынан кем болмай, алаңсыз оқуына жасалған үлкен қамқорлық деп түсінеміз. Балалардың да мектепке, ұстаздарға деген сүйіспеншілігі де арта түсері сөзсіз.

О.МУРЗАЛИНА,

Ақтөбе қаласы.

***

Хромтау ауданындағы №3 орта мектепте биылғы оқу жылы «Мейірімділік жылы» деп аталды.

Осыған орай мектепте биылғы оқу жылында аз қамтылған отбасылар мен қамқоршысынан айрылған балалар үшін әр түрлі қамқорлық шаралары ұйымдастырылды. Сондай шаралардың бірі – «Қамқор» қайырымдылық акциясы. Бұл акцияның өтуіне мектеп ұжымы белсенділікпен қатысты.

Аталған акцияға байланысты жоспар құрылып, жеке кәсіпкерлерге арнайы хат жолданды. Аз қамтылған оқушылардың үйлерін аралап, сабаққа келмей отырған оқушыларға оқу-құралдары, киімдер берілді. Сонымен қатар 11 «ә» сынып оқушылары бірігіп, 6 «в» сынып оқушысы Хусаин Жасұланның емделуіне көмек ретінде қаржы жинап берді.

3 ақпан күні мектепте қайырымдылық мерекесі өтті. Мұндай кешті Ақтөбе қаласындағы «Жаңа өмір» қоғамының бастығы Жоламан Нұрманов ұйымдастырды. Шара барысында акцияға ат салысушылар мұқтаж балаларға түрлі сыйлықтар таратты. Айта кететін жайт, бұл акцияның өтуіне жеке кәсіпкер Бибінұр Ерназарова да өз үлесін қосты.

Қамқорлық аясында жүргізілген мейірімділік шараның өтуіне ат салысқан азаматтарға мектеп ұжымы атынан алғыс айтамыз.

Д.ҚАРАҒҰЛОВА,

мектептің әлеуметтік педагогы.

****

Қарғалы селосындағы №3 балалар музыка мектебінің ұжымы Пригородное,  Қызылжар және К.Нокин атындағы ауылдарды аралап, мектеп-интернат тәрбиеленушілеріне «Күмбірле, күміс күй!» атты қайырымдылық және шығармашылық концертін өткізді.

Концертте республикалық, халықаралық фестивальдарда жеңімпаз атанған оқушылар мен оқытушылар өнер көрсетті. Ауылдарды аралап, мұндай кеш өткізудің басты мақсаты музыка мектебі оқушыларының аспапта ойнау шеберлігі мен шығармашылығын жұртшылыққа насихаттау болатын. Және К.Нокин атындағы аз қамтылған мектеп-интернат тәрбиеленушілерінің жүректеріне шуақ сыйлап, көңілдеріне қуаныш ұялату.

Қаракөз САҒЫНОВА,

№3 балалар музыка мектебінің

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Басқа жаңалықтар

2 Comments

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы «Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесін бекіту туралы» өзгерістер мен толықтырулар енгізілген №64 Қаулысын жүзеге асыру мақсатында және Ақтөбе қалалық білім бөлімінің 2014 жылғы 24 қарашасындағы №1111 бұйрығы негізінде мектебімізде 15.12.2014ж.-10.02.2015ж. уақыт аралығында «Қамқорлық» акциясы ұйымдастырылды.
    Акцияға ата-аналар, оқушылар, мұғалімдер белсене қатысып, демеушілік жасады.
    2014 жылдың 29 желтоқсан күні аз қамтылған отбасы балаларына жаңа жыл мерекесі ұйымдастырылып, жалпы алғанда 115 оқушыға 138000 (жүз отыз сегіз мың) теңгеге жаңа жылдық сыйлықтар таратылып берілді.

    Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектебіміздегі аз қамтылған отбасы балаларына «Космик» ойын-сауық орталығына әр қайсысы 2000 (екі) теңге көлемінде 10 карточка берілді. Аталған «Космик» ойын-сауық орталығына 2015 жылдың 21 қаңтары күні сағ:14.00-де төмендегі жетім,аз қамтылған оқушылар апарылды.

    1.Еспай Рафхат 2 «В» класс
    2.Еспаева Дарико 4 «Ә» класс
    3.Мырзабай Амина 3 «А» класс
    4.Жұмабек Карина 3 «А» класс
    5.Бахтиярова Альбина 4 «А» класс
    6.Жаңабай Аяулым 1 «Г» класс
    7.Жайшылық Айкен 1 «Г» класс
    8.Жанбылова Азиза 2 «В» класс
    9.Есенгелді Бекзат 4 «В» класс
    10.Жанғазиева Аида 4 «Ә» класс

    2015 жылдың 7 ақпан күні сағ:14.00-де «Қайырымдылық жылы жүректен» атты қамқорлық акциясы ұйымдастырылып мектептегі жетім, мүгедек, жартылай жетім, көп балалы, аз қамтылған отбасы балаларына 122000 ( жүз жиырма екі мың ) теңгеге киім-кешектер мен оқу-құралдар таратылып берілді.

    2014 жылдың 15 желтоқсаны мен 2015 жылдың 10 ақпаны аралығындағы «Қамқорлық» акциясында аз қамтылған отбасы балаларына барлығы 260000 (екі жүз алпыс мың ) теңгеге көмек көрсетілді.

  2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы «Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесін бекіту туралы» өзгерістер мен толықтырулар енгізілген №64 Қаулысын жүзеге асыру мақсатында және Ақтөбе қалалық білім бөлімінің 2014 жылғы 24 қарашасындағы №1111 бұйрығы негізінде мектебімізде 15.12.2014ж.-10.02.2015ж. уақыт аралығында «Қамқорлық» акциясы ұйымдастырылды.
    Акцияға ата-аналар, оқушылар, мұғалімдер белсене қатысып, демеушілік жасады.
    2014 жылдың 29 желтоқсан күні аз қамтылған отбасы балаларына жаңа жыл мерекесі ұйымдастырылып, жалпы алғанда 115 оқушыға 138000 (жүз отыз сегіз мың) теңгеге жаңа жылдық сыйлықтар таратылып берілді.

    Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектебіміздегі аз қамтылған отбасы балаларына «Космик» ойын-сауық орталығына әр қайсысы 2000 (екі) теңге көлемінде 10 карточка берілді. Аталған «Космик» ойын-сауық орталығына 2015 жылдың 21 қаңтары күні сағ:14.00-де төмендегі жетім,аз қамтылған оқушылар апарылды.

    1.Еспай Рафхат 2 «В» класс
    2.Еспаева Дарико 4 «Ә» класс
    3.Мырзабай Амина 3 «А» класс
    4.Жұмабек Карина 3 «А» класс
    5.Бахтиярова Альбина 4 «А» класс
    6.Жаңабай Аяулым 1 «Г» класс
    7.Жайшылық Айкен 1 «Г» класс
    8.Жанбылова Азиза 2 «В» класс
    9.Есенгелді Бекзат 4 «В» класс
    10.Жанғазиева Аида 4 «Ә» класс

    2015 жылдың 7 ақпан күні сағ:14.00-де «Қайырымдылық жылы жүректен» атты қамқорлық акциясы ұйымдастырылып мектептегі жетім, мүгедек, жартылай жетім, көп балалы, аз қамтылған отбасы балаларына 122000 ( жүз жиырма екі мың ) теңгеге киім-кешектер мен оқу-құралдар таратылып берілді.

    2014 жылдың 15 желтоқсаны мен 2015 жылдың 10 ақпаны аралығындағы «Қамқорлық» акциясында аз қамтылған отбасы балаларына барлығы 260000 (екі жүз алпыс мың ) теңгеге көмек көрсетілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button