Спорт

«Ембі жас» — жеңімпаз!

Футбол

Ембі қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 2003-2004 жылы туған жасөспірімдер арасында кіші футболдан облыстық ашық біріншілік өтті.
Жарысқа Ақтөбе, Алға, Қандыағаш, Шұбарқұдық, Кеңқияқ, Ырғыз, Шалқар, Құмжарған, Мұғалжар командалары және Ембіден екі команда қатысты. Үш күнге созылған бәсекеде 11 команда екі топқа бөлініп, жарыс айналмалы түрде өткізілді.
Ақтық сайыста «Ембі жас» командасы мен Алға командасы күш сынасып, ембіліктер 5:3 есебімен басым түсіп, жеңімпаз атанды. Алға командасы екінші орынға ие болды. Жүлделі үшінші орынға таласқан Қандыағаш пен Ақтөбе командалары 2:2 есебімен тең ойнап, пенальтиден Қандыағаш командасы басым түсіп, үшінші орынды иеленді.
Шебер ойын көрсеткен ембілік Т.Елеусіз, алғалық А.Бекдисинов, қандыағаштық А.Құрманғали, ақтөбелік Қ.Аманжолов,ырғыздық Д.Әлихан, шалқарлық Б.Құрманғалиев, шұбарқұдықтық Қ.Байғазы, құмжарғандық М.Назарбаев «Үздік ойыншы» атанды.
Ембі қаласының құрметті азаматы, спорт ардагері Хайбул Исаев пен Ембі қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Аслан Каиров жеңімпаз команда мен жүлдегерлерді, үздік ойыншыларды құттықтап, марапаттады. Сондай-ақ, спорт мектептің директоры А.Каиров облыстық ашық біріншілікке демеушілік жасап, қолдау көрсеткен Ембі қаласының кәсіпкері Әділбек Сарбасовқа ұжым атынан алғыс айтты.

Аманбай ҚОНАҚБАЕВ,
Ембі қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button