Құқық

Алаяқтың «жемі» — 1 млн 600 мың теңге

Еліміз нарықтық экономикасы дамыған, орнықты саяси жүйесі бар, құқық саласы қалыптасқан мемлекет ретінде танылды. Десек те, қоғамда алаяқтық азаймай тұр. Азаматтардың құқықтық-экономикалық сана-сезімі жоғары болғанымен, алаяқтардың қармағына түсіп, алданып қалып жатқандар баршылық.
2015 жылы Ақтөбе қаласының №2 сотының өндірісінде алаяқтыққа қатысты 197 қылмыстық іс қаралды. Оның ішінде 43 қылмыстық іс — әйел азаматтарға қатысты. ҚР ҚК-тің 190-бабында «алаяқтық — бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен мүлікке құқықты иемдену» деп қарастырылған. Алаяқтық екі тәсіл арқылы — алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы жүзеге асырылады. Бір мысал: былтыр Ақтөбе қаласының №2 сотының өндірісінде П.Жолдаева (аты-жөні өзгертілген) деген азаматшаға қатысты ҚК-тің 190-бабының 3-бөлімінің 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қаралды. Бұл азамат таныстары арқылы баспана алуға мұқтаж Е.Сакиева деген кісімен танысып, кезектен тыс арзан бағамен мемлекеттің тарапынан бюджеттік негізде пәтер алып беремін деп алдап, 600 000 теңге ақшасын алып өз қажетіне жұмсаған. Осыдан кейін пәтер құжаттарын заңдастыруға, сыйақыға деп тағы да 1000 000 теңге ақша алып, жалпы алғанда жәбірленушінің 1600 000 теңгесін жымқырған. Сот үкімі бойынша сотталушыға мүлкін тәркілеп, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Алаяқтық ешкімге жақсылық әкелмеген. Біреуді алдау оңай болуы мүмкін, бірақ оның салдары жақсы емес. Алаяқтар арасында әйел адамдар көп. Құқықбұзушылыққа жол беріп, жазасын өтеп жатқан әйелдердің отбасының, балаларының тағдыры кімді болса да ойлантады…

Р.БЕЙІЛХАНҚЫЗЫ,
Ақтөбе қалалық №2 сотының маманы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button