Спорт

Дариғаның шәкірттері озған күн

Шахмат

Таяуда облыстық зияткерлік мектебі ғимаратында Ақтөбе облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен жас шахматшылардың облыстық чемпионаты өтті.
Шахматшылардың облыстық чемпионатына әртүрлі жас дәрежелері бойынша Алға, Мәртөк, Мұғалжар, Шалқар, Ырғыз, Темір аудандары және Ақтөбе қаласындағы шахмат үйірмелері мен жеке шахмaт мектебінің 162 тәрбиеленушіcі қатысты.
Сайыс өте тартысты өтті. Шахматшылардың додасында 12 облыс чемпионы анықталды. Атап айтар болсақ, 8 жасқа дейінгі дәрежеде Расул Мырзабек (Ақтөбе қаласы), Инеша Шайхықызы (Ақтөбе қаласы); 10 жасқа дейінгі дәрежеде Азиз Абдуллин (Ақтөбе қаласы), Мадина Жасұланқызы (Ақтөбе қаласы); 12 жасқа дейінгі дәрежеде Нұрлыбек Сансызбаев (Алға қаласы), Дильназ Айсұлтанова (Ақтөбе қаласы); 14 жасқа дейінгі дәрежеде Алимхан Шапиев (Ақтөбе қаласы), Айзат Ахетова (Шалқар қаласы); 16 жасқа дейінгі дәрежеде Айдос Тұрғанбай (Қандыағаш қаласы), Гүлзия Демеуова (Ақтөбе қаласы); 18 жасқа дейінгі дәрежеде Арыстанбек Оразаев (Ақтөбе қаласы), Ботагөз Мақсатова (Қандыағаш қаласы) облыс чемпиондары атанды.
Чемпион атанғандардың ішінде Мадина Жасұланқызы мен Дильназ Айсұлтанова ерекше ойын өрнегін көрсетіп, барлық ойындарында жеңіске жетіп отырды. Жаттықтырушылардың арасында Дариға Сүйінбаеваның үш шәкірті облыс чемпионы, екі шәкірті — Нұрхан Рамазан мен Мирлан Тілегенов жүлделі 2-орын иесі атанды.
Бас жүлде иелері алдағы наурыз айында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатында облысымыздың намысын қорғамақшы.

Қуат АҚМЫРЗАҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button