Спорт

Бір айлық сертификаттар үлестірілді

Жарыс

Ақтөбе қаласындағы «Мега Ақтөбе» ойын-сауық, сауда орталығының жанындағы мұзайдында қалалық денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен конькиден мектеп оқушылары арасында қала біріншілігі өтті.
Жарысқа қала мектептерінен 11 команда қатысты. Командалық есепте жұптық эстафета бойынша жас спортшылар 80 метр қашықтықты бағындырды.
— Бұл жарыстың мақсаты — балалардың спортқа деген құлшынысын арттыру, тұрғындар арасында қысқы спорт түрін дамыту. Спортпен шұғылданған кез келген жастың денсаулығы мықты болатыны анық. Конькиден қала біріншілігі осы мақсатпен ұйымдастырылды. Балалар конькиді өте жақсы көреді. Бүгінгі жарысқа 50-ден аса оқушы қатысып отыр, — дейді қалалық денешынықтыру және спорт бөлімінің жетекші маманы Біржан Мусаев.
Жарыстың қорытындысы бойынша 1-орынды №53 мектептің оқушылары иеленсе, 2-орынды №21 мектеп-гимназияның командасы жеңіп алды. 3-орын қаламыздағы №22 мектептің жас спортшыларына бұйырды.
Шара соңында жеңімпаздар қалалық денешынықтыру және спорт бөлімінің арнайы дипломымен және атаулы кубокпен марапатталды. Сондай-ақ, үздіктерге бір айға мұзайдында коньки тебуге тегін сертификаттар үлестірілді.

Д.ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button