Ресми

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған шаралар жоспары

1. Қалалық жалпы білім беру және мектепке дейінгі ұйымдарда «Ұлттың ұлы тұмары — Тәуелсіздік» атты мерекелік салтанатты жиындар, тақырыптық кештер, дөңгелек үстелдер өткізу, желтоқсан (бөлек жоспар бойынша), жалпы білім беру мектептері және мектепке дейінгі ұйымдар.
2. «Тұғыры биік — Тәуелсіздік». Тәрбие сағаттары, 2-12 желтоқсан (бөлек жоспар бойынша), Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арналған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын кеңінен насихаттау жөніндегі үздік жарияланымдарға шығармалар байқауы. 2 желтоқсан сағ.15.00, Ақтөбе қаласының әкімдігі.
4. Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына орай өңірлердің баяндау-есебі. «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» атты облыстық эстафетасы, 2-14 желтоқсан (бөлек жоспар бойынша), Ақтөбе қаласы және облыс аудандары.
5. «Тәуелсіздік — ел тұғыры». Мерекелік бағдарлама, 4 желтоқсан сағ. 19.00, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония.
6. 2003-2004 жылы туған қыздар арасында шағын футболдан қала біріншілігі. 6, 13, 16-17 желтоқсан, №56 ОМ.
7. «Тәуелсіз елдің тірегіміз». Тарихи сағат, 8 желтоқсан сағ.12.00, №5 кітапхана.
8. «Үздік мерген». Студенттер арасында спорттық атудан байқау, 9 желтоқсан
сағ. 10.00, Көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі.
9. «Менің Тәуелсіз Қазақстаным». Кітап көрмесі, 9 желтоқсан сағ. 10.00, «Рауан» көпсалалы колледжі.
10. «Тәуелсіздік — тірегім, бақытым». Кітап көрмесі, 9 желтоқсан сағ. 10.00, облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы.
11. «Тәуелсіздік ақ таңы». Мерекелік концерт, 10 желтоқсан сағ.11.00, №1 балалар музыка мектебі.
12. «Тәуелсіздік — азаттығым, бақ күнім». Тақырыптық көрме, 10 желтоқсан сағ.11.00, №7 кітапхана.
13. «Тәуелсіздік — елімнің ерлік жолы». Тақырыптық сағат, 10 желтоқсан сағ.15.00, №9 кітапхана.
14. «Ақтөбе» вокалды аспаптар ансамблінің «Тәуелсіздік — теңдігімнің айнасы» атты мерекелік бағдарламасы, 10 желтоқсан сағ.19.00, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония.
15. Оқушылар арасындағы өлкетану бойынша қалалық олимпиада. 11 желтоқсан сағ. 10.00, қалалық жас туристік станциясы.
16. «Тәуелсіздік тірегі — қайсар рухы қазақтың». Тарихи кеш, 11 желтоқсан
сағ.10.30, облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардық арнаулы кітапханасы.
17. «Жаңа ғасыр таланттары — 2015». Қалалық ән байқауы, 11 желтоқсан
сағ.10.00, Қазанғап атындағы балалар өнер мектебі.
18. «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламасы аясындағы семинар-тренинг. 11 желтоқсан
сағ. 10.00, «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ.
19. «Тұғыры биік — Тәуелсіз Қазақстан». Танымдық кеш. «Қазақстан — Тәуелсіздік төрінде». Ақпараттық көрме, 11 желтоқсан сағ.11.00, №2 кітапхана.
20. «Егемен ел тарихы». Тақырыптық дәріс, 11 желтоқсан сағ.11.00, облыстық «Руханият» музейі.
21. «Мемлекеттің тәуелсіздігі — халқының бақыты». Салтанатты кеш, 11 желтоқсан
сағ.11.00, Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы.
22. Ақтөбелік суретшілердің «Еліміздің еркіндігі — Тәуелсіздік» атты қорытынды көрмесі, 11 желтоқсан сағ.11.00, облыстық өнер музейі.
23. «Творчество без границ». Қалалық байқау, 11 желтоқсан сағ.14.30, «Ақ желкен» аула клубы.
24. «Елімнің еркіндігі — Тәуелсіздік». Тақырыптық сағат, 11 желтоқсан сағ.15.00, қалалық қазақ саңыраулар қоғамының мәдениет үйі.
25. «Тәуелсіздік — тірегім». Концерттік бағдарлама, 11 желтоқсан сағ.15.00, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті.
26. «Жәрмеңке — 2015» ауылшаруашылық жәрмеңкесі, 12 желтоқсан сағ. 11.00, «Табыс» коммуналдық базары.
27. «Диалог двух поколений». Кездесу кеші, 12 желтоқсан сағ.14.00, қалалық оқушылар сарайы.
28. Шахматтан ересектер арасындағы қала біріншілігі, 12-15 желтоқсан сағ.10.00,
№1 ОБЖСМ.
29. Дойбыдан 1998-2004 ж.т. жасөспірімдер арасындағы қала біріншілігі, 13-14 желтоқсан сағ.10.00, №1 ОБЖСМ.
30. «Тәуелсіздік — тұғырым». Мерекелік концерт, 14 желтоқсан сағ.11.00, Қазанғап атындағы балалар өнер мектебі.
31. «Тәуелсіздік — теңдігім». Тарихи сағат, 14 желтоқсан сағ.11.00, №10 кітапхана.
32. «Тәуелсіздік тірегі — білімді ұрпақ». Патриоттық сағат, 14 желтоқсан сағ.12.00, облыстық планетарий.
33. «Тәуелсіздік — тірегім, соғып тұрған жүрегім». Интелектуалды сайыс, 14 желтоқсан сағ.12.00, «Рауан» көпсалалы колледжі.
34. «Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы». Тарихи сағат, 14 желтоқсан
сағ.12.00, №12 кітапхана.
35. «Тұғырлы ел — Егеменді Қазақстан». Мерекелік бағдарлама, 14 желтоқсан
сағ.14.00, А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжі.
36. «Өрлей бер, гүлдене бер, туған елім Қазақстан». Мерекелік концерт, 14 желтоқсан
сағ.15.00, Студенттер сарайы.
37. «Тәуелсіздік — ел тірегі». Мерекелік кеш, 14 желтоқсан сағ.15.00, облыстық «Руханият» музейі.
38. «Желтоқсан — Тәуелсіздік бастауы». Тарихи-танымдық кеш, 14 желтоқсан
сағ.15.00, С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы.
39. «Мен өз елімнің патриотымын». Бейнебайқау,14 желтоқсан, сағ.15.00, Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі.
40. «Ел тірегі — Тәуелсіздік». Ақтөбе қаласы әкімінің қаланың дамуына үлес қосқан азаматтарды марапаттауы, театрландырылған көрініс, мерекелік бағдарлама, 14 желтоқсан сағ.15.00, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры.
41. Грек-рим күресінен 2003-2004 ж.т. жасөспірімдер арасындағы біріншілік, 14-15 желтоқсан сағ.10.00, №4 ОРДБЖОМСМ.
42. Жүзуден ашық біріншілік, 14-15 желтоқсан сағ.10.00, ОБЖСМ («Чайка» бассейні).
43. Бокстан 2003-2004 ж.т. жасөспірімдер арасындағы біріншілік, 14-15 желтоқсан
сағ.10.00, ОРДБЖОМСМ.
44. «ҚР Тәуелсіздік күні». Үйірме мүшелерінің шығармашылық жұмыстарының көрмесі, 15 желтоқсан сағ.10.00, қалалық техникалық шығармашылық орталығы.
45. «Менің туған өлкем — Қазақстан». Балалар суреті қалалық байқауының қорытындысы және салтанатты концерт, 15 желтоқсан сағ.10.00, қалалық көркемсурет лицейі.
46. «Тәуелсіздік — азаттығым, бақ күнім». Салтанатты жиын, 15 желтоқсан сағ.11.00, «Рауан» көпсалалы колледжі.
47. «Тәуелсіздік — қиялымның қанаты». Патриоттық сағат, 15 желтоқсан сағ.11.00, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы.
48. «Тізгініңді босат та, құстай самға» атты С.Балыковтың қойылымы, 15 желтоқсан
сағ.11.00, облыстық «Алақай» қуыршақ театры.
49. «Ар-намысым, қасіретім, қуанышым — Желтоқсан». Дөңгелек үстел, 15 желтоқсан сағ.11.00, №4 кітапхана.
50. «Тарих тарту еткен Тәуелсіздік». Тәрбиелік шара, 15 желтоқсан сағ.11.00, М.Ломоносов атындағы кітапхана.
51. «Тәуелсіздік — азақтың сан ғасырлық арманы». Тарихи сағат. «Желтоқсанда жанған алау». Кітап көрмесі, 15 желтоқсан сағ.12.00, №6 кітапхана.
52. «Ата-бабам аңсаған Тәуелсіздік». Мерекелік концерттік бағдарлама, 15 желтоқсан
сағ. 12.00, «Ақтөбе қаласы ҚазГЗУ» колледжі.
53. «Тәуелсіздік — теңдесі жоқ байлығым». Мерекелік концерт, 15 желтоқсан сағ.15.00, Ақтөбе гуманитарлық колледжі.
54. «Әнім сенсің, туған ел». Мерекелік концерт, 15 желтоқсан сағ.15.00, №8 кітапхана.
55. «Мақтанышым — Тәуелсіз Қазақстан». Мерекелік концерттік бағдарлама, 15 желтоқсан сағ.16.00, қалалық қазақ зағиптар қоғамы мәдениет үйі.
56. «Тәуелсіз Қазақстан — елім менің». Салтанатты іс-шара, 15 желтоқсан сағ.16.00, Ақтөбе заң институты.
57. «Елім менің, жерім менің». Мерекелік концерт, 15 желтоқсан сағ.16.00, Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі.
58. С.Асылбековтың «Желтоқсан желі ызғарлы» атты қойылымы. 15 желтоқсан
сағ. 17.00, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры.
59. ҚР еңбек сіңірген қайраткері С.Айтбаеваның «Тәуелсіздік — тірегім» атты мерекелік концерті. 15 желтоқсан сағ.18.30, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония.
60. Тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасындағы біріншілік, 15-16 желтоқсан сағ. 10.00, №1 ОБЖСМ.
61. Дойбыдан 2005-2006-2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасындағы ашық қала чемпионаты, 15-16 желтоқсан сағ. 10.00, №1 ОБЖСМ.
62. Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы біріншілік, 16 желтоқсан сағ.10.00, «Жастар» ОБЖСМ.
63. Еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы біріншілік, 16 желтоқсан сағ.10.00, ОБЖСМ (Қарғалы селосы.).
64. «Тәуелсіздік ақ таңы». Мерекелік концерттік бағдарлама, 16 желтоқсан сағ.11.00, Сазды қалалық мәдениет үйі.
65. «Елімнің бақытын тербеткен — Тәуелсіздік». Мерекелік концерттік бағдарлама, 16 желтоқсан сағ.11.00, «Геолог» мәдениет үйі.
66. «Тәуелсіздік — теңдігімнің айғағы». Мерекелік бағдарлама, 16 желтоқсан сағ. 11.00, Қазақстан халқы Ассамблеясы.
67. «Менің Тәуелсіз Қазақстаным». Мерекелік бағдарлама, ұлттық киімдегі промоутерлердің бауырсақ таратуы, келушілерге арналған аквагримм, сайыстар, 16 желтоқсан сағ. 11.00, «Мега Ақтөбе» СОО.
68. «Тәуелсіздік ақ таңы». Қайырымдылық концерттік бағдарлама, 16 желтоқсан сағ.15.00, Сазды қалалық мәдениет үйі.
69. «Тәуелсіздік — теңдесі жоқ байлығым». Мерекелік бағдарлама, 16 желтоқсан
сағ.15.00, Қурайлы әкімшілігінің ғимараты.
70. «Тәуелсіздік аруы — 2015». Арулар байқауы, 16 желтоқсан сағ.20.00, Сазды қалалық мәдениет үйі.
71. Ер балалар және қыздар арасындағы ГТФ таэквондодан ашық қала чемпионаты, 16-17 желтоқсан сағ.10.00, «Юность» ОБЖСМ.
72. Баскетболдан 2002-2003 ж.т. жасөспірімдер арасындағы ашық біріншілік, 16-17 желтоқсан сағ.10.00, №2 ОБЖСМ.
73. Волейболдан 2002-2003 ж.т. жасөспірімдер арасындағы біріншілік, 16-17 желтоқсан сағ.10.00, №2 ОБЖСМ.
74. Бокстан 2002-2003 ж.т. жасөспірімдер арасындағы біріншілік, 16-17 желтоқсан
сағ.10.00, №2 ОБЖСМ.
75. Футболдан 1999-2000 ж.т. қыздар арасындағы біріншілік, 16-18 желтоқсан
сағ.10.00, №2 ОБЖСМ.
76. Кикбоксингтен 4-ші ашық қалааралық турнир, 18-20 желтоқсан сағ.12.00, Авиақалашық ауданы ОБЖСМ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button