Ресми

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ 030000, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, анықтама үшін телефоны: 8 (7132) 93-20-76, факс: 8 (7132) 93-20-76, e-mail: kadr_332@mail.ru, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды

«Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ басшысы, D-О-1 санаты(1 бірлік)
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 140298 теңгеден 189626 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: басқарманың қызметіне басшылық жасайды, облыс аумағында мәдениет, мұрағат ісінде және кұжат жасау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады, облыс аумағындағы барлық мәдени-ағарту, мұрағаттар мекемелерінің қызметін үйлестіреді.
Бағыныстағы қызметкерлердің жұмысына бақылау жасау, жұмысын ұйымдастыру, реттеу, жоспарлай және болжай білу шеберлігі болуы қажет. Талдау жасай, қорыта білуі, ақпаратты, құқықтық актілерді, бағдарламаларды, анықтама, баяндама және өзге де жетекшілік ететін сұрақтар бойынша құжаттарды жүйелей алуы, конференция, семинар, кеңестер ұйымдастыра алуы қажет. Облыстық әкімдіктің басшылары анықтайтын өзге де құзыреттіліктерді жүзеге асыра білуі тиіс.
Басшылық жасай білу, ұйымдастырушылық қабілетінің болуы, ұжымды қойылған мақсаттарға жету үшін жұмылдыра білуі, ұжымда өзара сыйластық қарым-қатынасты орната, шығармашылық, бәсекеге қабілеттілік, тіл табысқыштық, ортаға бейімделу қасиеттерінің болуы қажетті.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – музыкалық білім, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі, гуманитарлық (мәдениеттану), заңгерлік, өнер (музыкатану, режиссура, хореография), мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша жоғары.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;
2) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің болуы;
3) мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті нормативтік-құқықтық актілерін білуі.
«Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» ММ басшысы, D-О-1 санаты (1 бірлік)
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 140298 теңгеден 189626 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: басқарманың қызметіне жалпы басшылық жасайды, қоғамдық-саяси тұрақтылықты, мемлекеттік тәуелсіздікті нығайту, қоғамдық процестер мен қоғамдағы шоғырларды демократияландыру, аймақтағы қоғамдық-саяси процестерді, олардың даму серпінін талдау, қорыту және зерделеу, әлеуметтік және саяси зерттеулер жүргізу жұмыстарын үйлестіреді. Бағыныстағы қызметкерлердің жұмысына бақылау жасау, жұмысын ұйымдастыру, реттеу, жоспарлай және болжай білу шеберлігі болуы қажет. Талдау жасай, қорыта білуі, ақпаратты, құқықтық актілерді, бағдарламаларды, анықтама, баяндама және өзге де жетекшілік ететін сұрақтар бойынша құжаттарды жүйелей алуы, конференция, семинар, кеңестер ұйымдастыра алуы қажет. Облыстық әкімдіктің басшылары анықтайтын өзге де құзыреттіліктерді жүзеге асыра білуі тиіс.
Басшылық жасай білу, ұйымдастырушылық қабілетінің болуы, ұжымды қойылған мақсаттарға жету үшін жұмылдыра білуі, ұжымда өзара сыйластық қарым-қатынасты орната, шығармашылық, бәсекеге қабілеттілік, тіл табысқыштық, ортаға бейімделу қасиеттерінің болуы қажетті.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – гуманитарлық (философия), тарих, география, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, заңгерлік, экономикалық, әлеуметтік ғылымдар (әлеуметтану, саясаттану, журналистика) мамандығы бойынша жоғары.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;
2) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің болуы;
3) мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті нормативтік-құқықтық актілерін білуі.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 бұйрығымен бекітілген мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру Қағидалары негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) нысанға сәйкес өтініш;
2) 3х4 үлгідегі суретпен нысанға сәйкес толтырылған сауалнама;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік-құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе куәландырылған нотариалдық көшiрмесi).
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда Тізімнің 4- тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді.
Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын Тізімнің 3 және 4-тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күн.
Құжаттар «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқару қызметінде 332-бөлмеде қағаз түрінде қабылданады немесе электрондық поштаға жолданады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді. Құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге
арналған тестілеу бағдарламасы:
D-О-1 cанаты үшін: бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасына мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тест сұрақтары кіреді.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button