Білім

«Жас ұлан» көмек көрсетті

Ақтөбе қаласы мектептеріндегі «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымдары оқушылар сарайында «Жылы ұя» акциясын өткізді. «Қызыл ай» қоғамы облыстық филиалымен бірлесе өткізген шараға барлық білім ордалары белсене қатысты.

Қатысушыларға «Қызыл ай» қоғамы туралы бейнефильм көрсетіліп, қоғамның атқарған жұмысы туралы әдістемелік құралдар мен кітаптардан және көрнекіліктерден көрме ұйымдастырылды. Әр мектеп өз ұжымы арасында өткізілген шаралар туралы бейнекөрініс көрсетіп, өз өнерлерін ортаға салды. Бірі ән айтып, екіншісі би биледі.

Акцияның соңында қайырымдылық жәшігіне түскен 209 мың теңге ауруханада ем алып жатқан Айнаш Назарханова мен мүмкіндігі шектеулі оқушылар Мәншүк Баймұханова және Диас Қалыбековтің отбасына бөлініп берілді. Оқушылардың ата-аналары жасұландықтарға алғысын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Жалпы Ақтөбе қалалық «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қаланың 70-тен астам мектептеріндегі ұйымдарды біріктіреді. Құрамында 34 000 –нан астам мүше бар. Қазіргі таңда ұйым «Қазақстан жас қанаты — «Жас ұлан» бағдарламасымен жұмыстар жүргізіп жатыр. Қалалық «Жылы ұя» қайырымдылық акциясы жасұландар арасында жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button