Спорт

«Ақтөбе»: Алғашқы жеңіс

Премьер-Лига

 3-турдан соң «Астана» жеке-дара көш бастады. Ал 7-12 орындарға әлі де бірде-бір жеңіске жете алмаған командалар жайғасты.

Бұл турда «Ақтөбе» сырт алаңда «Таразбен» кездесті.

Біздің футболшылар алғашқы минуттардан бастап-ақ тізгінді қолға алды. Тіпті екінші минутта Сергей Хижниченко теңбіл допты торда тулатты. Бірақ қапталдағы төреші оның ойыннан тыс қалғаны жөнінде белгі беріп, бұл гол есептелмеді. Бұдан соң осы Сергейге ілесе Данило Неко мен жас жартылай қорғаушы Дидар Жалмұқан бірден жарқылдап көзге түсті. Әрине, сақ ойнауды мақсат еткенімен тараздықтар қорғаныстан шұғыл шабуылға көшуді немесе стандарттық жағдайларды тиімді пайдалануға тырысып бақты. Дегенмен ақтөбеліктер, әсіресе, Аделейе Айоделе мен Юрий Логвиненко тараздықтарды еркіне жібермеді. Юрий 32-минутта Маркос Пизелли бұрыштамадан берген допты бірден қақпаға бағыттады да тура маңдайшаға тигізді, осы кезде кері серпілген допты Сергей Хижниченко жібек торға сүңгітті де жіберді: 0:1.

Бір-жар минуттан соң тараздықтарға гол соғу мүмкіндігінің реті келгендей болды, бірақ доптың жолына Стас Покатилов кесе-көлденең тұрды.

Екінші таймда тараздықтар тізгінді қолға алуға талпынып бақты. Бірақ ештеңе өне қоймады. Оның үстіне Артурас Жулпо мен Данило Неко есепті ұлғайтуы мүмкін сәттер де кездесті. Екі қақпаның да алдында қарбалас сәттер жиіледі, тараздықтар дөрекілікке жол беріп жатты, бірақ, неге екені белгісіз, бұған төрешілер өз дәрежесінде назар аудармай қойды. Ал есеп өзгерген жоқ.

«Ақтөбе» заңды жеңіске жетті.

«Тараз»-«Ақтөбе» — 0:1

Гол авторы: Сергей Хижниченко, 32-минут (0:1).

«Ақтөбе» төмендегі құрамда ойнады: Стас Покатилов, Айоделе Аделейе, Артурас Жулпа, Дмитрий Мирошниченко, Данило Неко (Виктор Дмитренко, 90-минут), Асхат Тағыберген, Юрий Логвиненко (капитан), Маркос Пиззелли (Валерий Коробкин, 64-минут), Андерсон Сантана, Дидар Жалмұқан (Абат Айымбетов, 70-миинут), Сергей Хижниченко.

Ойын барысындағы екі ескерту қағазы ақтөбеліктерге ғана көрсетілді: А.Сантана, 40-минут; Д.Мирошниченко, 55-минут.

Тараз қаласындағы «Ұлан» стадионында өткен бұл кездесуді 2000 жанкүйер тамашалады.

Бұл екі команда осымен 37 рет кездесті. 24 ойында «Ақтөбе» жеңіп, 5 кездесу тең есептермен аяқталды, «Тараз» жеңіске 8 рет ие болды.

*   *   *

 

Басқа кездесулердің нәтижелері:

«Тобыл»-«Оқжетпес» — 0:2

Гол авторлары: Александр Павлов, 59-минут (0:1); Виталий Волков, 87-минут (0:2).

«Ордабасы»-«Атырау» — 2:0

Гол авторлары: Азат Нұрғалиев, 38-минут (1:0); Дәуренбек Тәжімбетов, 74-минут (2:0).

«Қайрат»-«Жетісу» — 2:0

Гол авторлары: Ермек Қуантаев, 59-минут (1:0); Жерар Гоу, 90+3 (2:0)

«Астана»-«Шахтер» — 2:1

Гол авторлары: Неманья Максимович, 31-минут (1:0); Михрет Топчагич, 44-минут (1:1); Рохер Каньяс, 76-минут (2:1).

«Қайсар»-«Ертіс» — 0:0

 

ОЙЫН КЕСТЕСІ

 

Командалар                 О            Ұ             Т        Ж             Д              Ұп

 

1 Астана                         3              3               0         0             7-1             9 

2 Қайрат                         3             2               1         0             6-0             7  

3 Ордабасы                 3             2               1         0             4-1             7

4 Оқжетпес                   3              2               0         1             3-2             6

5 Ақтөбе                        3             1               2         0             2-1             5

6 Атырау                        3              1               1         1             3-4             4

7 Қайсар                       3              0               2         1             0-1             2

8 Жетісу                        3              0               2         1             0-2            2

9 Ертіс                           3              0               2         1             1-4            2

10 Тараз                          3              0               1         2            1-3             1

11 Шахтер                     3              0               1         2            1-3             1

12 Тобыл                       3              0               1         2            0-6             1

 

*О — ойын, Ұ — ұтыс, Т — тең, Ж — жеңіліс, Д — доп айырмашылығы, Ұп — ұпай.

 

Жеңіс пен жеңіліс бірдей

 

Алғашқы турдағы тәрізді бұл турда да 10 гол соғылды.

Үш кездесу 2:0 есебімен аяқталды. Сондай-ақ, төрт команда қарсыластар қақпасына екі доптан енгізді.

Ойыншыларға 20 ескерту қағазы көрсетіліп, екінші рет ескерту қағазын алған «Ертістің» қорғаушысы Владислав Чернышев 76-минутта жасыл алаңнан қуылды.

«Астана», «Тараз», «Атырау» футболшылары кездесулерді ескерту қағазынсыз өткізді.

Ең көп жанкүйер Алматыдағы Орталық стадионға, «Қайрат» пен «Жетісу» кездесуіне жиналды — 6500 адам.

Барлық кездесуге келген жанкүйерлердің жалпы саны — 20 000.

Мергендер көшін 4 гол салған Жерар Гоу («Қайрат») бастап тұр.

«Ақтөбе» сапында қарсыластар қақпасына Дидар Жалмұқан мен Сергей Хижниченко бір доптан соқты.

Чемпионат басталғалы 18 кездесу өтті. 7 рет алаң иелері жеңсе, 7 рет қонақтар жеңді, 4 кездесу тең есептермен аяқталды. Барлық кездесулерде қақпаларға 28 доп енді, әр ойында орта есеппен 1,56 гол соғылды.

*   *   *

 

Келесі 4-тур ойындары 21 наурыз, сенбі күні өтеді.

Бұл күні «Ақтөбе» өз алаңында Шымкенттің «Ордабасы» командасын қабылдайды.

Өткен жылы «Ордабасы» командасын екі рет ұтып (4:1; 3:1), бір рет тең (1:1) ойнадық, бір рет Шымкентте ұтылдық (0:1).

Басқа кездесулер:

«Атырау» — «Астана»

«Тараз» — «Қайрат»

«Шахтер» — «Қайсар»

«Ертіс» — «Тобыл»

«Оқжетпес» — «Жетісу»

 

Ертай АШЫҚБАЕВ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button