Спорт

Жүйріктер іріктелді  

Тоғызқұмалақ

 Облыстық жасөспірімдер мектебінде тоғызқұмалақтан біріншілік өтіп, жарысқа қала мектептерінен 104 ойыншы қатысты.

Екі күнге созылған сайыста он, он екі, он төрт жастағы ұлдар мен қыздар өз шеберліктерін көрсетіп бақты. Өйткені бұл жарыстың мақсаты — жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан алда өтетін облыс чемпионатына  қатынасатын ойыншыларды іріктеу болатын.

Бұл жолғы қалалық жасөспірімдер арасындағы біріншілік ҚР білім беру ісінің үздігі, белгілі, білікті ұстаз Сәуле Құрманбекованы еске алуға арналып, марқұмның ағайын-туыстарының қолдау көрсетуімен өткізілді.

Жарыс нәтижесінде жоғарыдағы айтылған жас деңгейлері бойынша ер және қыз балалар арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Мәселен, 10 жастағы ойыншылар бәсекелесінде Алмас Тілегенов, Айман Дощанова, 12 жастағы ойыншылар арасында Ерасыл Ешмұханов, Зарина Қартанова, 14 жасқа дейінгі ойыншылар ішінен Еркінбек Ақылбеков, Айда Сәрсенбайқызы жеңімпаз деп танылды.

Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қалалық спорт бөлімінің арнаулы медальдары  мен мақтау қағағаздары тапсырылды. Жарысқа демеуші болған Сәуле Құрманбекованың туыстары мен балалары үздіктерді бағалы сыйлықтармен және Алғыс хаттармен марапаттады.

Сөйтіп, тоғызқұмалақ ойынынан облыстық біріншілікке қатысатын жүйріктер іріктелді.

Қабидолла НҰРШИН,

жарыстың бас

 төрешісі, тоғызқұмалақтан

 облыстың аға жаттықтырушысы.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button