Білім

Лондоннан жүлдемен оралды

Жуырда Лондонда «Intech centre» жазғы мектебі ұйымдастырған халықаралық ғылыми жобалар жарысынан М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Айдана Өтепова жүлдемен оралды. Еліміздің әр түпкірінен оқушылар қатысқан жарыста Айдана үздік танылып, екінші орынды иеленді.

Жарыс ағылшын тілінде және 10-сынып оқушыларының арасында ғана өтті. Алғашқы кезеңде қатты қобалжысам, кейінгі сында үйреніп кеттім. Тапсырмалары да аса қиын болған жоқ. Өйткені ағылшын тілін терең меңгеру үшін түрлі курстарға қатысқан болатынмын. Сондықтан осы уақытқа дейін жинаған білімім көп көмектесті. Мәселен, өткен жазда  Мальтаға барсам, биыл Лондонға жолым түсті. Жалпы, осы байқауларға қатысуыма көмегін тигізген  Назгүл Қазкенова, Шынар Марданова апайларыма айтар алғысым шексіз,- деді Айдана.

«Алтын белгіден» үміткер Айдана  келешекте өз білімін «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде жалғастырғысы келеді. Айданаға талабың таудай болсын демекпіз.

Гүлзат ЕСМАҒАНБЕТОВА,

М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық

дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының мұғалімі.

Басқа жаңалықтар

2 Comments

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button