Білім

Балдырған

Қуаныш сыйлайық

 Менің түсінігімде әр бала үшін ана қымбат.

Қымбаттылығы сол, ол бізді жарық дүниеге әкеліп, біздің әр қылығымыз үшін шаттанды. Ананың мейірімді жүрегінің ыстық ықыласы мен аялы алақанының жылуын сезіну қандай бақыт.

Біз мектепте сабағымызды жақсы оқып, үлкен маман иесі болар жолға түссек, анамызға зор қуаныш сыйлар едік. Ананы қуанту, құрмет тұту — әр баланың парызы. Анаңды сыйлап, айтқанын тыңдап жүрсең, еш қор болмайсың.

Аналарымыз ешқашан да ауырмай, әрқашан әдемі болып жүре берсін.

 

Инабат ОРЫНБАСАРОВА,

Сапақкөл орта мектебінің 1-сынып оқушысы.

Ойыл ауданы.

 

 

Отан

 

Ыстық мекен

 

Туған жер адамның өмірінде киелі орын алады.

Әр адамға өз туған жері ыстық. Көптеген ақындар мен жазушылар туған жерлері туралы шабытпен жырлаған. Бірақ туған жерге деген сүйіспеншілігімізді қандай сөзбен сипаттасақ та жеткіліксіз.

Мен «Менің Отаным — Қазақстан» деп мақтанышпен айта аламын. Қазақстан — ынтымағы мен бірлігі жарасқан, ұлан-байтақ жері бар тәуелсіз мемлекет.

Алыс жерге кеткенде туған жердің топырағы да қымбат. Сондықтан туған жерді бағалау керек, аялай білу керек.

Мен өз туған жерімді мақтан тұтамын.

 

Аида ҚУАНДЫҚ,

№13 орта мектептің 6-сынып оқушысы.

Ақтөбе қаласы.

 

*   *   *  

 

Отан… Атамекен… Тарих… Бұлар қай құлаққа да асқақ естілер асыл ұғымдар.

Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жинай бастаған сәттен-ақ өз Отанының тарихын түбегейлі білуге тырыса бастайды.

Қазір біздің еліміз — Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді.

Мен осындай елім бар болғаны үшін бақыттымын, мен осындай еліммен мақтанамын, елімді сүйемін.

 

Мәдина АТАМБАЕВА,

Ақкемер орта мектебінің оқушысы.

Мұғалжар ауданы.

 

Қадірлі жан

 

Ұстазым менің, ұстазым…

 

Ұстаз — біздің екінші анамыз. Қамқоршымыз, ақылшымыз.

Біз ұстазымыздың жылы жүрегінен шыққан ақыл-кеңесін тыңдап, талаптанып, қанаттанып, өмір сырын ұғамыз. Білім алып, тұлғаланып, азамат болып шығамыз.

Бізге үйде анамыз бар мейірімін төксе, мектепте ұстаздарымыз жылылық нұрын себеді.

Ұстаздармыз бізден зор үміт күтеді, болашағымызға сеніммен қарайды.

Біз ұстаздарымыздың үміт, сенімдерін ақтаймыз.

 

Бейбарыс ДӘРІБАЕВ,

№32 мектеп-гимназияның 6-сынып оқушысы.

Ақтөбе қаласы.

 

Ана

 

 

Оқушының өлеңі

 

Гүлдер

 

Гүлдер, гүлдер — әртүрлі,

Жайқалғаны тартымды.

Көктем сайын тереміз,

Бірге жайнап келеміз.

 

Мұқасан НАСИФОЛЛА,

Темірастау орта мектебінің 2-сынып оқушысы.

Ырғыз ауданы.

 

Менің далам

 

Бұл — қазақтың даласы,

Көк өзеннің жағасы.

Жүйрік атым шабады,

Көңілім тыным табады.

 

Аяжан ДҮЙСЕНОВА,

Ақтөбе қаласы, №31 орта мектептің 2-сынып оқушысы.

 

Ұлан жыры

 

Қазақтың ұланымын,

Таусылмас жыр-әнімін.

Көк туын желбіретер

Болашақ қыранымын.

 

Нұртай ЖОЛЖАН,

№2 орта мектептің 4-сынып оқушысы.

Ембі қаласы.

 

Ұстаз

 

Ұстаз ғой шәкірттерін гүл ететін,

Шәкірті үшін жүрегі дір ететін.

Талайды қыран қылып қалықтатып,

Қияға шарықтатып жіберетін.

 

Жазира ҚАЛИБЕК,

Басқұдық орта мектебінің 6-сынып оқушысы.

Хромтау ауданы.

 

Ана тілім

 

Ана тілім — асыл тілім, айбыным,

Алтыннан да қымбат сенің байлығың.

Мәртебесі асқақтайды жаңғырып,

Ана тілді қадірлейік мәңгілік.

 

Гүлдана САҒЫНЖАНОВА,

Благодар орта мектебінің оқушысы.

К.Нокин ауылы,

Ақтөбе қаласы.

 

Сөзжұмбақ

 

Көктем

 

      Нан

      Ана

сұлУ

      Раушан

   қЫзыл

  жаЗ

 

1. Қадірлі ас. 2. Аяулы жан. 3. Әдемі, көрікті. 4. Гүл. 5. Бояудың түсі. 6. Жыл мезгілі.

 

Құрастырған Аяжан КӘРІМЖАН,

Сапақкөл орта мектебінің 1-сынып оқушысы.

Ойыл ауданы.

 

Мен салған сурет

 

Наурыз — жыл басы

 

Суретті салған Жәния ТӨЛЕУ,

№33 орта мектептің 4-сынып оқушысы.

Ақтөбе қаласы.

 

ГАЗЕТІМІЗДІҢ №30-31 САНЫНДА (06.03.2014) ЖАРИЯЛАНҒАН СӨЗЖҰМБАҚТЫҢ ЖАУАБЫ:

 

1. Қайық. 2. Нота. 3. Су. 4. Ау. 5. Ара. 6. Тас. 7. Лақ.

 

Бетті жүргізуші Ертай АШЫҚБАЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button