Білім

Балдырған

Ұстаз

 ЕКІНШІ АНАМЫЗ

 Ұстаз — балаларға білім беретін мейірбанды жан.

Ұстаз да біздің екінші анамыз, мектеп — екінші үйіміз. Мұғалім де анамыз секілді ұлы жан.

Есейіп, басқа оқу орнына түскенде ұстазыңды және алтын ордаңды ұмытпауың керек. Біз әрқашан ұстаздарды қадірлеп, жолын кеспей, сәлемдесіп, ренжітпей, айтқанын орындауымыз керек. Егер біз сабақты жақсы оқысақ, мұғалімдер қатты қуанады. Сондықтан ұстаздардың күліп жүруі үшін әрқашан сабақты жақсы оқуымыз керек. Жүзі нұрлы, бар өмірін оқушысына арнаған ұстаздарға біз өте ризамыз.

Білім берген ұстаздарымызды әрдайым қадірлейік, достар!

 

Мерует ЖӘНІБЕКОВА,

С.Оразалин атындағы орта мектептің 6-сынып оқушысы.

Әйтеке би ауданы.

 

Менің пікірім

 

МІНЕЗ — КӨҢІЛДІҢ КӨРІНІСІ

 

Қолдағы саусақтар бірдей емес. Сол сияқты адамдар да бір-біріне ұқсамайды. Яғни әр адамның бойындағы қасиеттер әртүрлі болады.

Әр адам өзінің ішкі дүниесімен, мінез-құлқымен бай. Адал, мейірімді, еңбекқор, зерек, алғыр, ақкөңіл және тағы басқа жақсы қасиеттер адамды үлкен адамгершілікке жетелейді. Адамгершілігі мол адам тек қана жақсылыққа ұмтылады. Адамгершілік — асыл қасиет. Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп жүру — әркімнің міндеті.

Жамандық қараңғыға, жақсылық жарық жұмаққа жетелейді деп ойлаймын. Әр адам жақсылыққа да, жамандыққа да куә бола алады.

Достарымды жаман мінез-құлықтан аулақ болуға шақырамын.

 

Дәурен АМАНИЯЗОВ,

№7 орта мектептің 4-сынып оқушысы.

Ембі қаласы.

 

Менің тілім

 

ҚАЗЫНАНЫҢ КІЛТІ

 

Мен шыр етіп дүние есігін ашқан сәттен бастап бойыма ана тілімді сіңіріп, туған тілімнен нәр алдым.

«Әлемде не қымбат?» десе, мен еш ойланбастан «Туған тілім» дер едім. Себебі мен өмір бойы бар байлықтың көзін ана тілімнен іздеймін.

Ана тілім, қасиетті тілім —менің қазынам.

Мәңгілік бақыттың кілті менің дара ана тілімде деп білемін.

 

Нұргүл НҰРЛАН,

№13 орта мектептің оқушысы.

Ақтөбе қаласы.

 

Оқушының өлеңі

 

ТӘУЕЛСІЗДІК

 

Тәуелсіздік — ұраным,

Тәуелсіз елде тұрамын.

Бабадан қалған аманат —

Туған елім — тұрағым.

 

Сәбит АМАНҚҰЛ,

Ақкемер орта мектебінің 5-сынып оқушысы.

Мұғалжар ауданы.

 

ҰСТАЗ

 

Ұстаз — біздің панамыз,

Ұстаз — біздің анамыз.

Ұстаз бізге әрқашан

Үлгі болар данамыз.

Біз алғашқы ұстазды

Есте сақтап қаламыз.

 

Меруерт ӘБДІҒАЗИЕВА,

№3 орта мектептің 4-сынып оқушысы.

Алға қаласы.

 

МЕНІҢ ЕЛІМ

 

Елім деп соғар жүрегім,

Ол — сүйенер тірегім.

Туын биік ұстайық,

Міне, осы — тілегім.

 

Арман МҮСІРЕПОВ,

Благодар орта мектебінің оқушысы.

К.Нокин ауылы,

Ақтөбе қаласы.

 

АНА ТІЛІМ

 

Ана тілім — өмір кілтім, бақ күнім,

Сенсіз шаттық дүниеден тапты кім?

Ана тілім — қорғаным мен пәктігім.

 

Гүлфайруз ТАУМАНОВА,

оқушы.

Құмсай селосы,

Мұғалжар ауданы.

 

ТУҒАН ӨЛКЕ

 

Туған өлке арта берсін ырысың,

Мәңгі бақи тарылмасын тынысың.

Шарықтасын биіктерге мерейің,

Жүрегімнің таусылмайтын жырысың.

 

Бұлбұл ІЗТІЛЕУ,

Жабасақ орта мектебінің оқушысы.

Әйтеке би ауданы.

 

Сөзжұмбақ

 Қыстың көркі

 

А

 

 

 

 

 

П

 

 

П

 

 

 

 

А

 

 

Қ

 

 

 

 

Қ

 

 

А

 

 

 

 

 

 

Р

 

 

 

1. Ел ордамыз

2. Алып жануар

3. Мектеп жабдығы

4. Аяулы жан

5. Оқушы құралы

6. Үй құсы

7. Оқулық

8. Тайпа

 Құрастырған

Орынбасарова Инабат

                                                                                                     Ойыл ауданы

Сапақкөл орта мектебі.

1-сынып оқушысы

 

 

Газетіміздің №20-21 нөмірінде (13.02.2014) жарияланған сөзжұмбақтың жауабы:

1. Концерт. 2. Хор. 3. Импровизация. 4. Опера. 5. Оркестр. 6. Ариоза. 7. Речитатив. 8. Кантата. 9. Рапсодия. 10. Рондо.

 

Бетті жүргізуші Ертай АШЫҚБАЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button