Спорт

Қос Сергей. бір гол

Премьер-лига

14 қыркүйекте өткен кезекті тур алтын медаль үшін таласатын екі команданы біржола анықтап берген секілді. Ал үшінші орын үшін таласатын командалардың карталары әбден араласып кеткені және рас.

Қысқасы, шын жанкүйерлер 1-6 орындардағы командалардың келесі турдағы әр ойынын ынтыға бақылайтын болады.

Енді ретімен баяндайық.

26-турда «Ақтөбе» Қарағандыдада «Шахтермен» кездесті. Ұтты.

Рас, 19 қыркүйек күні Еуропа Лигасының топтық кезеңдегі алғашқы ойынына кірісетіндіктен, бас бапкер Виктор Кумыков жасыл алаңға «Шахтердің» нағыз сайыпқырандарын түгел шығарған жоқ. Дегенмен «Ақтөбе» сапында да түрлі себептерге байланысты Марат Хайруллин, Алексей Мулдаров, Сергей Ковальчук, Дмитрий Мирошниченко болған жоқ.

Екі команданың ойыншылары да сақ болуға аса мән бергені себепті бірінші таймда ерекше сүйсінтер сәттер аз болды. Белсенділік ойынның екінші бөлігінде басталды. 60-минутта Сергей Давыдовтың қақпаның алыс діңгегі аймағына тастаған добын қақшып түскен Сергей Гридин баспен соғып, жібек торды бүлк еткізді. Бұдан соң қарағандылықтардың есе қайыруға екпіндей кіріскені де түсінікті. Бірақ ақтөбеліктер оларды тұтқиыл қарсы шабуылдармен қапы қалдыруға тырысты. Сондай сәттердің бірінде тіпті Абат Айымбетов есепті еселей түсе жаздады да. Дегенмен ойын есебі одан әрі өзгерген жоқ, сірә, биыл «Шахтерге» алтын медаль бұйырмайтын шығар.

«Шахтер»-«Ақтөбе» — 0:1.

Гол авторы: Сергей Гридин, 60-минут (0:1).

Алдин Джидичке («Шахтер») «сары қағаз» көрсетілді.

«Ақтөбе» төмендегі құрамда ойнады: Андрей Сидельников, Роберт Арзуманян, Петр Бадло, Юрий Логвиненко (Санат Шалекенов, 88-минут), Роберт Примус, Тимур Кападзе (Сергей Лисенков, 85-минут), Андрей Харабара, Абат Айымбетов, Александр Гейнрих, Сергей Гридин, Сергей Давыдов (Асхат Тағыберген, 66-минут).

Қалған кездесулер:

«Астана»-«Ертіс» — 4:2;

«Ордабасы»-«Қайрат» — 1:2.

1-6 орындар үшін бәсекеде 26-турдан соң көш басында 30 ұпаймен екі команда тұр: «Ақтөбе», «Астана»

«Шахтер» мен «Қайрат» 22 ұпайдан жинады.

«Ертіс» пен «Ордабасының» да көрсеткіштері бірдей: 21 ұпай.

 

*   *   *

7-12 орындар үшін сайысып жатқандардың өткен турдағы есептері төмендегідей:

«Жетісу-«Ақжайық» — 0:3;

«Тобыл»-«Тараз» — 2:0;

«Атырау»-«Восток» — 1:0.

Бұл топта 25 ұпаймен «Тобыл» озып тұр.

Одан кейінгі командалар:

«Атырау» — 19;

«Тараз» — 16;

«Восток» — 14.

Қауіпті аймақта 12 ұпайдан жинаған «Ақжайық» пен «Жетісу» тұр.

 

*   *   *

27-турдың ойындары 21 қыркүйек, сенбі күні өтеді:

«Ақтөбе» өз алаңында «Астананы» қабылдайды.

Бұл команданы бірінші кезеңнің екі ойынында да бірдей есеппен (2:1) ұтқан болатынбыз. Астанада Андрей Харабара мен Дмитрий Мирошниченко көзге түссе, Ақтөбеде Тимур Кападзе қос гол соққан.

Қалған кездесулер:

«Ертіс» — «Ордабасы»

«Восток» — «Жетісу»

«Тараз» — «Атырау»

«Ақжайық» — «Тобыл»

22 қыркүйек

«Қайрат» — «Шахтер»

 

Ертай АШЫҚБАЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button